Талап қою іс жүргізуінің негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Құқық негіздері
Сынып: 11
Бөлім | Іс жүргізу құқығының негіздері |
Сабақ тақырыбы | Талап қою іс жүргізуінің негіздері |
Оқу мақсаттары | 11.4.2.1 - талап қою шарттарын түсіндіру; 11.4.2.2 - талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру |
Бағалау критерийлері | Талап қою ұғымын түсінеді және талап қою түрлерін біледі. Мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес талап қою арызын құрастыра алады. |
Тілдік мақсаттар | Тілдік құзыреттіліктерді дамыту: Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: сұрақтарға жауап беруде жазба жұмысты орындау. Айтылым: барлық сыныппен ұжымдық талқылау, сұрақтарға жауап беру, сонымен қатар жұпта жұмыс жасау кезінде. Оқушылар: -Оқушылар жұмыс нәтижелерін қарастыру барысында барлық сыныппен талқылауға (оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары) қатысады. |
Пәнге тән лексика мен терминология | Азаматтық іс жүргізу кодексі, талап қою, талап қою арызы, прокурор, жауапкер, сот т.б. |
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: | Талап қою ... Талап қою түрлері ... Талап қою арызы ... Талап қоюдың түрі мен мазмұнына қойылатын шарттар ... Талап қою тəртібін сақтамаудын салдары ... |
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмысты және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық пен академиялық шындық. |
IT-дағдыларды қалыптастыру | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. |
Пәнаралық байланыстар: | Тарих пәні |
Бастапқы білім | Оқушылардың 10 сыныптағы азаматтық іс-жүргізу негіздері бөлімі бойынша игерген білімдері бар. |
Саралау | Жасырын саралау қабілеті жоғарырақ оқушы қабілеті төменірек оқушыға қолдау көрсететін жұптарды қалыптастыруда көрінеді. |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Б Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу) М Презентацияны қолдана отырып, сабақ мақсаты мен бағалау крийтерийлерімен таныстырады. Талап қою бойынша іс жүргізу ұғымымен және ерекшеліктерімен таныстырып өту.
| |
Сабақтың ортасы 10 минут 2 минут 3 минут 15 минут | Д Оқушыларға талап қоюдың ерекшеліктеріне қатысты мәтін ұсынылып, тапсырма беріледі. Тапсырма №1. Мәтінмен танысып шығып, талап қоюдың түрі мен мазмұнына қойылатын шарттарды анықтаңыз. Дескрипторлар: Талап қоюдың түрі мен мазмұнына қойылатын кем дегенде 3 шартты анықтайды. Жұмыс нәтижелері бойынша жалпы сыныптық талқылау ұйымдастырылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан кейін мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. М Мұғалім сызбалар негізінде талап қою тәртібі және талап қоюдың құқықтық салдары бойынша ақпарат береді. Ж Талап қою арызына қойылатын шаттармен танысып шығып, талап қою құрастыруға тапсырма беріледі. Тапсырма №2. 1.Талап қою арызының мазмұны мен формасына қойылатын шарттармен танысып шығыңыз. 2. Талап қою арызын құрастырыңыз. Дескрипторлар: Талап қоюдың түрі мен мазмұнына қойылатын шарттарға сәйкес талап қою арызын құрастырады. Б Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр жұп өз жұмысын жанындағы жұпппен алмастырып, өзара бағалау ұйымдастырылады. | Талап қою. https://www.zakon.kz/4789451-predjavlenie-iska-bertybaeva-s.t.-sudja.html https://cdb.kz/sistema/page/poryadok-podachi-iska/ |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия
| Презентация |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру