Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: № 11 | Мектеп: | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: | Катысқандар: | Қатыспағандар: | ||
Бөлім атауы | Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік | |||
Сабақ тақырыбы: | Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар» | |||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема); | |||
Сабақ мақсаттары: | Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схемаға жинақтап ұсыну. | |||
Бағалау критерийлері: | Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрады. Әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схемаға жинақтап ұсынады. | |||
Тілдік мақсаттар : | Жалаң білім, компьютер басты жарты адам, ғылыми өр талғам , жан байлығы, ұшқыр арман, рухани байлық, рух. | |||
Осыған дейін меңгерілген білім : | «Ақылды қала» технологиясы Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша жоба | |||
Дифференциация : | Оқушылардың барлығы: тақырып бойынша мәтінге жоспар құра алады. Оқушылардың көбісі: әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтай алады. Кейбірі: әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап тірек-схема түрінде ұсынады. | |||
Пәнаралық байланыс: | Этнопедагогика, педагогика | |||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Презентация, бейнематериал | |||
Дереккөздер: | https://www.youtube.com/watch?v=4y_ZcnZgqS4 “Мұхтар Шаханов: Компьютер басты жарты адамдар” | |||
Сабақтың барысы: | ||||
Уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Ресурстар | ||
Қызығушылықты ояту | ||||
7 минут | Ұйымдастыру кезеңі
1-әрекет. Психологиялық ахуал орнату. Ой шақыру «Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты, Қонақтары сұрапты: - Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған? - Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам. - Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді, Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді. Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын, Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын Өз ұлтының рухани байлығына жалғады, Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады. Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады, Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады. Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында, Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.(М. Шаханов) өлең шумағы арқылы өтілетін жалпы тақырыпқа ойшақыру жасату. Өлең шумағы арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтайды.Топқа бөлу. «Капитан» ойыны бойынша топқа бөлу. Жалпы сынып 2 топқа бөлінеді. Капитандар ортаға шығып, өздерінің командасын таңдайды.
| |||
Мағынаны тану | ||||
7 минут
12 минут (3 минут жазу 5 минут оқу) 7 минут | 1-тапсырма. Жазылымға дайындық тапсырмасы «Компьютер басты жарты адамдар» үзіндісін тыңдату. Кері байланыс: -Шығарма не туралы? -Не түсіндіңдер? 2-тапсырма Жазылым тапсырмасы“Компьютер басты жарты адамдар” атты бейнежазбаны тамашалайды. Өлең мазмұнын түсіну үшін әр топқа жеке тапсырмалар мен дескрипторлар беріледі. 1-топқа: «Гауһартас немесе тоғыз қырлы алмаз» әдісі бойынша, өлең ішіндегі мәліметтердің маңыздылығына қарай гауһартастың бөліктеріне орналастырады. Негізгімәліметтерді гауһартастың жоғары бөлігіне орналастырылады. Қосалқы мәліметтерді төменгі бөліктерге орналастырады.
2-топқа: «Маңыздылық аймағы» әдісі бойынша, өлеңнің негізгі идеясын анықтайды. Маңыздылығы жоғары идея ортаңғы шеңбердің ішіне жазылады, шындыққа жанаспаса, маңыздылығы төмен болса, сыртқы шеңберлерге жазылады.
3-тапсырма. Жазылымнан кейінгі тапсырма «Автордан сұрайық!» ойыны арқылы, оқушылар авторға қойғысы келген екі немесе үш сұрақ жазып, автор қобдишасына салады. Сұрақтар тақырыпқа қатысты және оның мазмұнын ашатындай болуы қажет. Мұғалім авторды тиын тастау арқылы анықтап алады. Автор рөліндегі оқушы сұрақтарға жауап береді.
Мұғалімнің кері байланысы Берілген сурет пен сөздерді қолданып, мұғалім бүгінгі сабақтағы іс-әрекетіне кері байланыс жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойтолғаныс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта ... орындай алдым. Бүгінгі сабақта ... қиындық туғызды. Бүгінгі сабақтан ... білдім. . Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып келу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша мәліметтер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:
Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді: Оқушылардың белсенділігі: Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
"Өркениеттің адасуы" атты романнан Компьютербасты жарты адамдар
(Рухсыз күш формуласы)
«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,
Қонақтары сұрапты:
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.
- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.
Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!
Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?
Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,
Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.
Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,
Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір.
Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,
Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?
Бұл қазаққа көз өткен бе,
Тілдің мұңын сөз еткенде
Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...
Ұлтсыздардың бәрі - рухи мүгедектер, жартылар.
Тілін, ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,
Бар назары материалдық игілікке тоқталар.
Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар,
Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы» боп қалар.
Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге:
Білім алып келсін дедік,
Жер, ел танып көрсін дедік
Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?
Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,
Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?
Қай кезде де білім - күшің, әрі нұрлы жетегің.
Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін
Кім ойлапты құдайым-ау,
егер ұры қаншама,
Зор білімін қулығына қару етсе жан сала
Бейқам елге оның тартар азабы да соншама.
Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,
Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,
Қасиетті ата қоныс - өзен-тауын жерсінбей,
Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,
Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,
Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.
Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,
Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?
Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына.
Адасқандай тылсым нудан,
Біз олардың кір су құйған
Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,
Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық...
Ұлы Ғабит Мүсірепов - қара сөздің кемелі,
Бүткіл қазақ рухының еңкеймес бір беделі,
Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сәт соққанда
Сол соңғы сәт өз күшінің соңғы шамын жаққанда,
Ажырамай сенімінен,
Діріл қаққан ерінінен,
Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған.
Шыншыл тұлға жаны дара,
Нақ мынадай мағынада
Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған:
"Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,
Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.
Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса
Ұлт даралық таба алмайды,
Және ұлы боп саналмайды ешқашан!"
Әр жүз қойдан кезінде біз үш жүз қозы алғанбыз,
Ғарышқа да құлаш ұрып, Айға түрен салғанбыз.
Рас, қазір күллі әлемде байлыққа ауды есіл дерт,
Байлығы озса мысықтар да жолбарысша көсілмек.
Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес,
Ақшаң болса "маймылды" да бастық сайлау сөз емес.
Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме?
Қарындарды - тек өз қамын ойлаған,
Залымдарды - қан төгуге тоймаған,
Ұрпақтары үлгі тұтып, орнатуда кесене.
Әділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме?
Жол бар ма екен аман өтер пенде-мүдде орманнан,
Адамдықтың салтын қайттік,
даңқын қайттік қорланған?
Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?
"Әрбір қимыл - қарсы қимыл тудырады" тірлікте.
Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса,
Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,
Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын,
Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.
Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін
Оятпауға құлшынады аңқау елдің намысын...
Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны!
Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.
Қол қусырып көнеміз бе,
Үнсіз жата береміз бе,
Робот-түйсік арқаланған,
Мейірімі тұл жарты адамдар
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?..
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Дөңбекшиді көңіл-ғалам,
Бүгін өлу жеңіл маған,
Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше...»
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.