Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 11 сабақ.


Бөлім атауы:

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік

Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»

Мақсаты:

10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема);

Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схемаға жинақтап ұсыну.

Сабақ мақсаттары:

Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрады.

Әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схемаға жинақтап ұсынады.

Бағалау критерийлері:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгелдеу

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

1-әрекет. Психологиялық ахуал орнату. Ой шақыру

«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,

Қонақтары сұрапты:

- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?

- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.

- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,

Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.

Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,

Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын

Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,

Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.

Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,

Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.

Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,

Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.

(М. Шаханов) өлең шумағы арқылы өтілетін жалпы тақырыпқа ойшақыру жасату. Өлең шумағы арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтайды.

Топқа бөлу.

«Капитан» ойыны бойынша топқа бөлу. Жалпы сынып 2 топқа бөлінеді. Капитандар ортаға шығып, өздерінің командасын таңдайды.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сабаққа жұмылдыру

Рөлдерді анықтау.

1-тапсырма.

Жазылымға дайындық тапсырмасы

«Компьютер басты жарты адамдар» үзіндісін тыңдату.

Кері байланыс:

- Шығарма не туралы?

- Не түсіндіңдер?

2-тапсырма

Жазылым тапсырмасы

“Компьютер басты жарты адамдаратты бейнежазбаны тамашалайды.

Өлең мазмұнын түсіну үшін әр топқа жеке тапсырмалар мен дескрипторлар беріледі.

1-топқа:

«Гауһартас немесе тоғыз қырлы алмаз» әдісі бойынша, өлең ішіндегі мәліметтердің маңыздылығына қарай гауһартастың бөліктеріне орналастырады. Негізгімәліметтерді гауһартастың жоғары бөлігіне орналастырылады. Қосалқы мәліметтерді төменгі бөліктерге орналастырады.

2-топқа:

«Маңыздылық аймағы» әдісі бойынша, өлеңнің негізгі идеясын анықтайды. Маңыздылығы жоғары идея ортаңғы шеңбердің ішіне жазылады, шындыққа жанаспаса, маңыздылығы төмен болса, сыртқы шеңберлерге жазылады.

3-тапсырма. Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Автордан сұрайықойыны арқылы, оқушылар авторға қойғысы келген екі немесе үш сұрақ жазып, автор қобдишасына салады. Сұрақтар тақырыпқа қатысты және оның мазмұнын ашатындай болуы қажет. Мұғалім авторды тиын тастау арқылы анықтап алады. Автор рөліндегі оқушы сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта ... орындай алдым.

Бүгінгі сабақта ... қиындық туғызды.

Бүгінгі сабақтан ... білдім.

.

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып келу.

Үй тапсырмасы: Мұхтар Шаханов жайлы түрлі сайттардан дерек жинап келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.