Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: 12

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Катысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік

Сабақ тақырыбы:

Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема);

Сабақ мақсаттары:

Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схемаға жинақтап ұсыну.

Бағалау критерийлері:

Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрады. Әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схемаға жинақтап ұсынады.

Тілдік мақсаттар :

Жалаң білім, компьютер басты жарты адам, ғылыми өр талғам , жан байлығы, ұшқыр арман, рухани байлық, рух.

Осыған дейін меңгерілген білім :

«Ақылды қала» технологиясы

Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша жоба

Дифференциация :

Оқушылардың барлығы: тақырып бойынша мәтінге жоспар құра алады.

Оқушылардың көбісі: әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтай алады.

Кейбірі: әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап тірек-схема түрінде ұсынады.

Пәнаралық байланыс:

Этнопедагогика, педагогика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация, бейнематериал

Дереккөздер:

“Мұхтар Шаханов: Компьютер басты жарты адамдар”

Сабақтың барысы:

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу,түгелдеу
  • Оқушылар назарын сабаққа аудару.

1-әрекет. Психологиялық ахуал орнату. Ой шақыру

Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.

Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,

Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір.

Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,

Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына? (М. Шаханов)

Өлең шумағы арқылы өтілетін жалпы тақырыпқа ойшақыру жасату. Өлең шумағы арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтайды. М. Шахановтың өлеңін тыңдау арқылы тақырыпты болжайды.

Мұғалім:

Тақырыпты болжауға бағыттайтын сұрақтар қояды. Өлеңнің мән-мағынасын ашуға жетелейді.Топқа бөлу.

Оқушылардың сүйікті заттарын жинап алып, сол бойынша топқа бөлу. Оқушылар бір затын қоржынға салады. Мұғалім бес заттан алып шығады да, сол бойынша топқа бөледі. 1 топтың заттарының ішінен кез-келген затты таңдап алып, топ басшысын сайлайды.

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.
  • Сабаққа жұмылдыру
  • Рөлдерді анықтау.

Мағынаны тану

7 минут

12 минут

(3 минут жазу 5 минут оқу)

7 минут

1-тапсырма. Жазылымға дайындық тапсырмасы

«ПОПС» формуласын пайдаланып, берілген тақырып бойынша сөйлеңіздер. Берілген аргументтерді пайдаланыңыздар. Көтерілген мәселеге келісу – келіспеу себептері айқын көрініп тұру керек.

«ПОПС» формуласы

•Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

•Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

•Үшінші және төртінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » (2 сөйлем)

•Бесінші және соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...» және мынандай нақыл сөзден мысал келтіремін. Аргументтер:

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік, жалаң білім, алыстағы достармен, тума-туыстармен тез хабар алмасу, көптеген кеңестер оқу, көп уақытты бос өткізуге болады, виртуалды өмірде өмір сүру, тек қана ғаламтор арқылы сөйлесу, денсаулыққа зиян.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

Өз пікірін білдіреді

Дәлел, мысал келтіреді

Өз қорытындысын шығара алады

2-тапсырма

Жазылым тапсырмасы“Компьютер басты жарты адамдар” атты бейнежазбаны тамашалайды. Өлең мазмұнын түсіну үшін әр топқа жеке тапсырмалар мен дескрипторлар беріледі.

1-топқа:

«Балық қаңқасы» әдісі бойынша, өлең ішіндегі өзекті мәселені қарастырады, бүгінгі күнмен байланыстырады. Жоғары қабырға сүйектерінде өзекті мәселенің себептері белгіленеді, төменгі қабырға сүйекшелерінде дәлелдемелер жазылады. Балықтың құйрығында қорытынды, немесе мәселені шешу жолдары жазылады.

Мәселе

Дескриптор

Нашар

Қанағаттанарлық

Жақсы

Өте жақсы

Өлең ішіндегі өзекті мәселені табады

Мәселенің себептерін түсіндіреді

Себептерге қатысты дәлелдемелерін айтады

Мәселенің шешу жолын қарастырады

2-топқа:«SWOT – талдау» әдісі бойынша, берілген өлең мен автордың «Қазақ осы» өлеңін алып салыстырады.

«Бір жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған»\\

«Қазақ осы ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе, шабылып бір қағады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады» деген өлең жолдарында қазақ халқының аңқылдақ, ақ көңіл, қонақжай мінезі анық көрсетіліп тұр. Осы мінез-құлықты кестеге салып талдаңыз.

Жағымды

Жағымсыз

Мүмкіндіктері

Қауіптері

Дескриптор

Нашар

Қанағаттанарлық

Жақсы

Өте жақсы

Екі өлеңді салыстырады

Қазақ халқының аңқылдақ мінезінің жағымды,жағымсыз қырларын айтады

Мінез-құлықтың мүмкіндіктері мен қауіптері туралы өз ойларын жеткізеді

Өзіндік қорытынды шығарады

3-тапсырма. Жазылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар «Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажеттілік пе?» тақырыбында эссе жазу үшін тақырыпқа сай қарапайым жоспар құрыңыздар.(Оқушылар топта бір-бірінің жоспарымен танысады, және критерийге сай бағалайды, ортақ жоспар құрады. Жоспар құруда берілген үлгіні пайдаланады)

Жоспар құру

I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)

II. Негізгі бөлім:

а) Тақырып көтерген мәселе

в) Ұсынылған дәлелдер

с) Дәйексөз түріндегі мысалдар

д) Өзіндік ойлар

III. Қорытынды (эпилог)

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

Құрылымын дұрыс құра алады

Тақырыпты толық қамти алады

Келісу/келіспеу ұстанымын анық бере алады

Ойтолғаныс

5 минут

2 минут

Рефлексия

Оқушылар сабақтағы іс-әрекеттерін қай жануардың іс-әрекетіне теңесе, сол жаққа барып тұрады. Және неліктен сол жануарды таңдағанын түсіндіреді.Үй тапсырмасы:

Қосымша мәліметтер

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:

Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді:

Оқушылардың белсенділігі:

Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары:

"Өркениеттің адасуы" атты романнан Компьютербасты жарты адамдар

(Рухсыз күш формуласы)

«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,

Қонақтары сұрапты:

- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?

- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.

- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,

Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.

Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,

Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын

Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,

Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.

Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,

Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.

Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,

Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.

Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан

Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?

Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.

Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,

Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.

Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,

Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір.

Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,

Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?

Бұл қазаққа көз өткен бе,

Тілдің мұңын сөз еткенде

Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...

Ұлтсыздардың бәрі - рухи мүгедектер, жартылар.

Тілін, ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,

Бар назары материалдық игілікке тоқталар.

Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар,

Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы» боп қалар.

Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге:

Білім алып келсін дедік,

Жер, ел танып көрсін дедік

Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?

Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,

Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім - күшің, әрі нұрлы жетегің.

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін

Кім ойлапты құдайым-ау,

егер ұры қаншама,

Зор білімін қулығына қару етсе жан сала

Бейқам елге оның тартар азабы да соншама.

Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,

Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,

Қасиетті ата қоныс - өзен-тауын жерсінбей,

Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,

Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,

Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.

Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,

Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?

Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына.

Адасқандай тылсым нудан,

Біз олардың кір су құйған

Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,

Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық...

Ұлы Ғабит Мүсірепов - қара сөздің кемелі,

Бүткіл қазақ рухының еңкеймес бір беделі,

Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сәт соққанда

Сол соңғы сәт өз күшінің соңғы шамын жаққанда,

Ажырамай сенімінен,

Діріл қаққан ерінінен,

Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған.

Шыншыл тұлға жаны дара,

Нақ мынадай мағынада

Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған:

"Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,

Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.

Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса

Ұлт даралық таба алмайды,

Және ұлы боп саналмайды ешқашан!"

Әр жүз қойдан кезінде біз үш жүз қозы алғанбыз,

Ғарышқа да құлаш ұрып, Айға түрен салғанбыз.

Рас, қазір күллі әлемде байлыққа ауды есіл дерт,

Байлығы озса мысықтар да жолбарысша көсілмек.

Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес,

Ақшаң болса "маймылды" да бастық сайлау сөз емес.

Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме?

Қарындарды - тек өз қамын ойлаған,

Залымдарды - қан төгуге тоймаған,

Ұрпақтары үлгі тұтып, орнатуда кесене.

Әділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме?

Жол бар ма екен аман өтер пенде-мүдде орманнан,

Адамдықтың салтын қайттік,

даңқын қайттік қорланған?

Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?

Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.

Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?

"Әрбір қимыл - қарсы қимыл тудырады" тірлікте.

Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса,

Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,

Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын,

Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.

Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін

Оятпауға құлшынады аңқау елдің намысын...

Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны!

Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.

Қол қусырып көнеміз бе,

Үнсіз жата береміз бе,

Робот-түйсік арқаланған,

Мейірімі тұл жарты адамдар

Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?..

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Дөңбекшиді көңіл-ғалам,

Бүгін өлу жеңіл маған,

Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше...»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.