Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 12 сабақ.
Бөлім атауы:
Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздікМұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»
Мақсаты:
10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема);
Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схемаға жинақтап ұсыну.
Сабақ мақсаттары:
Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрады.
Әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схемаға жинақтап ұсынады.
Бағалау критерийлері:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгелдеу • Оқушылар назарын сабаққа аудару.1-әрекет. Психологиялық ахуал орнату. Ой шақыруЖарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір.Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына? (М. Шаханов) Өлең шумағы арқылы өтілетін жалпы тақырыпқа ойшақыру жасату. Өлең шумағы арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтайды. М. Шахановтың өлеңін тыңдау арқылы тақырыпты болжайды.Мұғалім: Тақырыпты болжауға бағыттайтын сұрақтар қояды. Өлеңнің мән-мағынасын ашуға жетелейді.Топқа бөлу.
Оқушылардың сүйікті заттарын жинап алып, сол бойынша топқа бөлу. Оқушылар бір затын қоржынға салады. Мұғалім бес заттан алып шығады да, сол бойынша топқа бөледі. 1 топтың заттарының ішінен кез-келген затты таңдап алып, топ басшысын сайлайды.
• Сабақтың мақсатымен таныстыру.
• Сабаққа жұмылдыру
• Рөлдерді анықтау.
1-тапсырма.
Жазылымға дайындық тапсырмасы
«ПОПС» формуласын пайдаланып, берілген тақырып бойынша сөйлеңіздер. Берілген аргументтерді пайдаланыңыздар. Көтерілген мәселеге келісу – келіспеу себептері айқын көрініп тұру керек.
«ПОПС» формуласы
•Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
•Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
•Үшінші және төртінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » (2 сөйлем)
•Бесінші және соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...» және мынандай нақыл сөзден мысал келтіремін.
Аргументтер:
Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік, жалаң білім, алыстағы достармен, тума-туыстармен тез хабар алмасу, көптеген кеңестер оқу, көп уақытты бос өткізуге болады, виртуалды өмірде өмір сүру, тек қана ғаламтор арқылы сөйлесу, денсаулыққа зиян.
2-тапсырма
Жазылым тапсырмасы
“Компьютер басты жарты адамдар” атты бейнежазбаны тамашалайды.
Өлең мазмұнын түсіну үшін әр топқа жеке тапсырмалар мен дескрипторлар беріледі.
1-топқа:
«Балық қаңқасы» әдісі бойынша, өлең ішіндегі өзекті мәселені қарастырады, бүгінгі күнмен байланыстырады. Жоғары қабырға сүйектерінде өзекті мәселенің себептері белгіленеді, төменгі қабырға сүйекшелерінде дәлелдемелер жазылады. Балықтың құйрығында қорытынды, немесе мәселені шешу жолдары жазылады.
2-топқа:
«SWOT – талдау» әдісі бойынша, берілген өлең мен автордың «Қазақ осы» өлеңін алып салыстырады.
«Бір жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған»\\
«Қазақ осы ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе, шабылып бір қағады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады» деген өлең жолдарында қазақ халқының аңқылдақ, ақ көңіл, қонақжай мінезі анық көрсетіліп тұр. Осы мінез-құлықты кестеге салып талдаңыз.
3-тапсырма. Жазылымнан кейінгі тапсырма
Оқушылар «Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажеттілік пе?» тақырыбында эссе жазу үшін тақырыпқа сай қарапайым жоспар құрыңыздар.(Оқушылар топта бір-бірінің жоспарымен танысады, және критерийге сай бағалайды, ортақ жоспар құрады. Жоспар құруда берілген үлгіні пайдаланады)
Жоспар құру
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:
а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)
Рефлексия
Оқушылар сабақтағы іс-әрекеттерін қай жануардың іс-әрекетіне теңесе, сол жаққа барып тұрады. Және неліктен сол жануарды таңдағанын түсіндіреді.Үй тапсырмасы: Мұхтар Шаханов жайлы түрлі дерек жинап келу.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.