Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


Топқа бөлу.

1-топ. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»;

2-топ. «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»;

3-топ. «Жақсы менен жаманды айырмадың»;

4-топ. «Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың».

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.Жақсы менен жаманды айырмадың,Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.Бет бергенде шырайың сондай жақсы,Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,Аузымен орақ орған өңкей қыртың.Өзімдікі дей алмай өз малыңды,Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.Бас-басына би болған өңкей қиқым,Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?Өздеріңді түзелер дей алмаймын,Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,Оның да алған жоқ па құдай құлқын?Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,Сапырылды байлығың, баққан жылқың.Баста ми, қолда малға талас қылған,Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.Ұғындырар кісіге кез келгенде,Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

«ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды.

Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, тұнде ұйқысының бұзылу себебі – өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсеқызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті кеткен, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені-күндестік, бірін-бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орғажығып, өртке қамаған алауыздық. Зығырданы қайнаған шерлі ақын елді түзеудің амалын қарап, тығырықтан шығар соқпақ іздеп, басын тауға, тасқа соқса да, жол таба алмай, ақыры елінің ырқынан айрылып, езгіге бодан болатынына бармағын шайнайды. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кекесінді күйінде қалады. Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау жоқ. Ары ширығып, намысы қайнаған ұлы ақын туған халқының барлық буын, барлық нәсілін өзі күйдіріп айтқан кесел-кесепаттардан, сор-сұмдықтардан арыл, тазар, сонда ғана белге шығасың деп тұрғандай. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.

Эссе талаптары:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу