Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А/И 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

Б/С 10.3.3.1 – шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақ мақсаттары

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздерді табу, орны мен қызметіне талдау жасау.

Өлеңнің идеясын анықтай отырып, әдеби эссе жазу, эссенің құрылымын сақтау.

Бағалау критерийлері

Көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздерді таба алады, талдау жасайды.

Шығарманың негізгі идеясын анықтайды, әдеби эссе жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Метафора, фразеологизм, идея, әдеби эссе, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-бірінің жауаптарын сыйлауға үйрету, қазақ әдебиеті шығармаларын насихаттауға, құрметпен қарауға шақыру.

Пәнаралық байланыстар

Сөз өнері, әдебиеттану, тарих, т.б.

АКТ қолдану дағдылары

Аудио/бейне материалдарын қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдыларын арттыру

Бастапқы білім

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа аударту. Ұйымдастыру кезеңдері.

Ми шабуылы. «Шашыранды сөздер» әдісі. Оқушыларға тақырыпқа қатысты тірек сөздер көрсетіледі. Осы сөздерге сүйеніп бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды: қалың ел, жұрт, қазақ, 1886 жыл, 30 жол, әлеуметтік мәселе, ішкі әлем, мінез-құлық, кесел-кесепаттар, сор-сұмдықтар, күндестік, бірлік, береке, шын пейіл, т.б.

Сабақ тақырыбы анықталған соң, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Топқа бөлу. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлең жолдары бойынша 4 топқа бөлінеді.

1-топ. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»;

2-топ. «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»;

3-топ. «Жақсы менен жаманды айырмадың»;

4-топ. «Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың».

1-слайд

2,3-слайд

Қима қағаздар

4-слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

3 минут

15 минут

5 минут

1-тапсырма. «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңімен қоса шығарма туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Оқушылар шығармамен жеке танысып шығады, іштей талқыға салады. Жұпта шығарманың негізгі идеясын анықтайды. Анықтаған идеяларын, көтерілген мәселелерін топта талқылайды. Шығармадағы көнерген сөздер мен түсініксіз сөздердің мағынасын қазақ тілінің түсіндірме сөздігі арқылы анықтайды, көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздердің қолданысын талдап, кестені толтырады.

Көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздер

Қандай көркемдегіш құрал?

Автор не үшін қолданды деп ойлайсыз, түсіндіріңіз.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?

Дескрипторлар:

- шығарманың негізгі идеясын анықтайды;

- көтерілген мәселелерді топта талқылайды;

- қазақ тілінің түсіндірме сөздігін дұрыс пайдаланады;

- көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздерді табады;

- автор қолданысын анықтайды.

Топтық бағалау. 1-2; 2-3; 3-4; 4-1 топтар бір-бірінің жауаптарын дескрипторларға сүйеніп бағалайды, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ұсыныстарын білдіреді.

Мұғалімнің кері байланысы.

2-тапсырма. Жеке жұмыс. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі Абай көтерген мәселелерді адамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» тақырыбына әдеби эссе жазады. Сөз көлемі 100-120 сөз.

Ескерту! Оқушыларға эссе жазуда ескерілетін талаптарды беруге болады.

Дескрипторлар:

- эссе құрылымын сақтайды;

- өзіндік пікірін білдіреді;

- адамгершілік мәселелерін талдайды;

- сөз көлемін сақтайды, уақытқа бағынады.

Өзара бағалау. Бағалау барысында «Бір маңызды және дамытуды қажет ететін тұсы» айтылады.

Мұғалімнің кері байланысы.

5-слайд

6-слайд

7-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс. «3-2-1» әдісі.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша 3-маңызды ақпаратты айтады,

2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ қояды.

Үй тапсырмасы.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінен үзінді жаттау.

8-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу