Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Ми шабуылы.

«Шашыранды сөздер» әдісі.

қалың ел, жұрт, қазақ, 1886 жыл,

30 жол, әлеуметтік мәселе, ішкі әлем, мінез-құлық, кесел-кесепаттар, сор-сұмдықтар, күндестік, бірлік, береке, шын пейіл, т.б.

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

Оқу мақсаттары:

А/И 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

Б/С 10.3.3.1 – шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақ мақсаттары:

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздерді табу, орны мен қызметіне талдау жасау.

Өлеңнің идеясын анықтай отырып, әдеби эссе жазу, эссенің құрылымын сақтау.

Бағалау критерийлері:

Көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздерді таба алады, талдау жасайды.

Шығарманың негізгі идеясын анықтайды, әдеби эссе жаза алады.

Топқа бөліну

1-топ. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»;

2-топ. «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»;

3-топ. «Жақсы менен жаманды айырмадың»;

4-топ. «Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың».

1-тапсырма. «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы.

Оқушылар шығармамен жеке танысып шығады, іштей талқыға салады. Жұпта шығарманың негізгі идеясын анықтайды. Анықтаған идеяларын, көтерілген мәселелерін топта талқылайды. Шығармадағы көнерген сөздер мен түсініксіз сөздердің мағынасын қазақ тілінің түсіндірме сөздігі арқылы анықтайды, көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздердің қолданысын талдап, кестені толтырады.

Дескрипторлар:

- шығарманың негізгі идеясын анықтайды;

- көтерілген мәселелерді топта талқылайды;

- қазақ тілінің түсіндірме сөздігін дұрыс пайдаланады

- көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздерді табады;

- автор қолданысын анықтайды.

2-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі Абай көтерген мәселелерді адамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» тақырыбына әдеби эссе жазады. Сөз көлемі 100-120 сөз.

Дескрипторлар:

- эссе құрылымын сақтайды;

- өзіндік пікірін білдіреді;

- адамгершілік мәселелерін талдайды;

- сөз көлемін сақтайды, уақытқа бағынады.

Эссенің құрылымы

Кері байланыс. «3-2-1» әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша 3-маңызды

ақпаратты айтады, 2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ

қояды.

Үй тапсырмасы.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

өлеңінен үзінді жаттау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу