Абай Құнанбайұлы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Абай Құнанбайұлы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
Сабақ мақсаты: | Бағалау критерийлері |
Шығарманы мазмұндас туындылармен салыстыру; Шығарманың көркемдік құндылығын бағалау; Шығармаға тарихи тұрғыдан баға беру | Екі шығарманың ерекшеліктерін көрсетеді. Шығармалар тіліндегі көркемдеуіш құралдар ерекшеліктерін көрсетеді; Шығармаға қазіргі кез тұрғысынан көзқарасын білдіреді. |
1-тапсырма: Сөздермен ассоциация
Мақсаты: Шығарманың эмоционалды астарын түсіну;
- Кестені толтырыңыз.
Сұрақтар | Қайран | Ғаріп |
Сөзді немен байланыстырасыз? | ||
Қандай тіркес жасайсыз? | ||
Қандай сезім туындады? | ||
Осы сөзді қай жағдайда қолданады? | ||
Оны қандай адам айтуы мүмкін? |
2-тапсырма: Кестемен жұмыс
Мақсаты: Шығарманың көркемдік құндылығын бағалау;
- Дулат Бабатайұлының «Қазақ деген ғаріп жұрт» өлеңін оқыңыз;
- Кестені толтырыңыз.
Қазақ деген ғаріп жұрт
Әуелгі қазақ деген қалың жұрт,
Миығыңды көрсетпей,
Ұстарасыз өскен мұрт.
Ұйқы басып сезбедік
Шырмағанын жаудың сырт,
Емін-еркін ен жайлап,
Өсіп едің Бұхарда.
Елің сонда жүргенде,
Қызық дәурен сүргенде,
Бәйшешек шығып бүргенге,
Ерлерің тартпай жабыға,
Тартушы еді тұлпарға.
Кешегі сенің бірауызды күніңде
Үш жүздің ұлы қараған,
Алдынан соның тараған
Әбілпейіз, Абылай –
Екі сұлтан сұңқарға.
Еркін өскен қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл,
Айдының бейне асқар бел,
Ботадай бейне өскен тел.
Сен Бұхарда кезіңде,
Бәтуа бар сөзіңде,
Келелі биің сенімді,
Қара бір халқы көнімді,
Тыныш еді еліміз.
Шаңына малың аунаған,
Дәулетің өсіп қаулаған,
Тел емес малды саумаған,
Бұхар-ай шәрі дейтұғын
Өскен, өнген жеріңіз
.
Аспектілер | Жауап |
Ұйқасы | |
Өлшемі | |
Поэтикалық фонетикасы | |
Поэтикалық синтаксисі | |
Көркемдегіш құралдары | |
Лирикалық кейіпкер | |
Тақырыбы, идеясы | |
Жанры | |
Шығарма жазылған тарихи кезең | |
Автор |
3-тапсырма: Кестемен жұмыс
Мақсаты: Шығармамен мазмұндас туындылармен салыстыру;
Кестені толтырыңыз.
Аспектілер | Абай Құнанбайұлы | Дулат Бабатайұлы |
Қысқаша мазмұны | ||
Тақырыбы | ||
Идеясы | ||
Лексикасы | ||
Қорытынды |
Дескриптор:
Өлеңдердің мазмұнын 3-4 сөйлеммен толық ашады;
Тақырыбын анықтауда мәіннен дәлел келтіреді;
Идеясын ашуда сол заманмен байланысын көрсетеді;
Лексикасындағы ұқсастықтарды көрсетеді;
Қорытындыда екі өлеңнің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.
4-тапсырма: Өлеңге баға беру
Мақсаты: Шығармаға тарихи тұрғыдан баға беру;
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Абай мен Дулатқа осындай өлең жазуға не түрткі болды деп ойлайсыз?
- Осы шығарма негізінде ХІХ ғасырдағы адамдар қандай болған деп ойлайсыз? Оның себебі неде деп ойлайсыз?
- ХІХ және ХХІ ғасырдағы адамдар арасында қандай ерекшеліктер бар?
- Сіз осы заманның адамдары туралы қандай өлең жазар едіңіз? Неге?
Дескриптор:
Жауаптарына өлеңнен дәлел келтіреді;
Жауаптарына өмірден дәлел келтіреді;
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру