Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 11-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Сабақ мақсаты

Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер арқылы тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Бағалау критерийі

көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әдеби кейіпкерді даралай суреттеу түрлі тәсілдер арқылы жасалатынын түсінеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: тура және жанама мінездеулер, кейіпкер мінезі, кейіпкерге қатысты заттар мен құбылыстарды суреттеу т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, тура/жанама мінездеу арқылы ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/топта жұмыс жасау және адамгершілік, отбасылық, ұлттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың маңызы.

Алдыңғы білім

«Ұшқан ұя» шығармасының идеясы мен пафосын ұлттық мүддемен байланыстыра талдады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-8

9-10

Мұғалім оқушылар арасында ынтымақтастық ахуал қалыптастыру үшін «Жұбыңды тап» жаттығуын өткізеді.

1.Оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар сөздігінен қысқаша мәлімет беріледі. Олар оны оқып, жұпта, топта талдайды.

Мінездеу – әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу.

Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд

1-таратпа

Сабақтың ортасы

11-20

21-25

26-30

31-35

3. Жаңа сабақты меңгерту.

ЖЖ. 1-тапсырма.

Оқушылар кейіпкер бейнесін ашатын концептуалды кестемен жұмыс жасайды.

КЕЙІПКЕР

ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ

МІНЕЗДЕУ ТҮРІ

Момыш

Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын, жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді.

Серкебай

Момынқұл

Оқушылар кесте бойынша жауаптарын келесі жұппен, олар өзге жұптармен араласып бөліседі. Өзара талқылап барып тура/жанама мінездеулердің дұрыс нұсқасымен сыныпты таныстырады.

2-тапсырма.

Т. Қабылбек пен Текебайдың тіресуін оқып, мінездеме беріңдер.

  • Байзақ датқаның баласын балағаттаған Серкебайдың ісі дұрыс па?
  • Қабылбек неге тіс жармады?
  • Даурыққан елдің наразылығы т.т.

4. Топ мүшелерінің жауабы критерийге сай бағаланады, мұғалім сындарлы кері байланыс береді.

Дескриптор

- тура/жанама мінездеудің анықтамасын біледі;

- оның ішкі әлемін танытатын үзінділерді анықтайды;

- сырт келбетін танытатын үзінділерді табады;

-ойын мысалдармен дәлелдейді.

Қабілеті жоғары оқушылар мәтіннен тура және жанама мінездеулерге мысалдар келтіріп дәлелдесе, ал қабілеті төмендеу оқушылар тура мінездеулерді табуы мүмкін.

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың аяғы

36-38

39-40

5. «Ұшқан ұя» ұлағаты» деген сөздің мәнісін түсіндіріп бір минут жазады, жазғандарын тобымен бөліседі, қысқа ғана комментарий жасайды.

6. Рефлексия

«3-2-1»

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

•Қиындық тудырған 2 аспект;

•Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу