Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 13-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;

Сабақ мақсаты

шығармадағы құрамдас бөліктерді рет-ретімен жүйелі орналасуына, тұтастығына қарай талдау.

Бағалау критерийі

композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: көркем шығарманы құрылысына қарай талдау жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: рухани мүгедек, ел тану, композиция, сюжет, тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, шығарма композициясына сай ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге адамгершілік, отбасылық, ұлттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы.

Алдыңғы білім

«Ұшқан ұя» шығармасынан алынған үзінділерді өңдей отырып креативті жазу тәсілін меңгерді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7

8-10

1. Қызығушылықты ояту мақсатында ұсынылатын тапсырма:

Оқушылар роман оқиғаларынан өздеріне ең қызықты болған тұстарын бір-біріне әңгімелейді және не себепті олай ойлайтынын түсіндіреді.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд

1-таратпа

Сабақтың ортасы

11-20

21-25

26-30

3. Жаңа сабақты меңгерту.

Ж/Т. 1-тапсырма. «Тану, Талдау, Бөлу» кестесі

1-қадам: Оқушылар өздеріне берілген үзінділерді неғұрлым кішірек бөліктерге бөліп жіктейді.

1-үзінді: Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып, басымды бауырына қысып, кәрі алақанымен арқамнан томп-томп қағып қойып:

Балам менің қайда екен?

Қыздарменен тауда екен.

Тауда неғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен.

Алмасынан кәнеки?

Жаңа теріп жүр екен.

Қызыл алма қолында

Қыз-бозбала соңында, — деуші еді-ау!

2-үзінді: Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» — деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «Әлейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін.

3-үзінді: Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.

— Кімнің баласысың? — деп сұрайтын ол.

— Мен - Момыштың ұлымын.

— Момыш кімнің баласы?

— Момыш — Имаштың баласы.

Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.

4-үзінді: Әкем меймандарды үйге бастап жүрді. Есіктен ең алдымен Серкебай нағашым бас сұқты. Әжем оны балаша аймалап, еркелетіп жатыр. Осы кезде нағашымның атқосшы жігіттері ішке қоржын көтеріп кірді. Серкебай төрге жайғасып болған соң әжемнің қал-жайын сұрады.

—Аманбысыз,әпке. Ауру-сырқаудан саумысыз. Көңіліңіз жайлы ма?

— Құдайға шүкір, шырағым, — дейді әжем де елжіреп.

Мұнан соң жаппай жай сұрасу басталды. Ел адамдарының есендігі, мал-басының түгендігі сұралды.

Бұл кезде қоржынның аузы сөгіліп, нағашымның әкелген сыйлықтары көріне бастады. Өрік-мейіз, қант-шай, бауырсақтан басқа әжеме арналған көйлектік мата да шықты.

2-қадам: Оқушылар талқылау барысында осы үзінділердің арасындағы байланысты анықтайды.

4. Мұғалім бақылау парағын толтырады және кері байланыс береді.

Дескриптор

- романның ең қызықты тұсын тауып әңгімелейді;

- берілген үзінділерді жіктейді;

- талқылауға қатысады;

- үзінділер арасындағы байланысты анықтайды.

Қабілеті жоғары оқушылар шығарманы құрылысына қарай талдай алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар сюжеттік желісін баяндайды.

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың аяғы

31-37

38-40

Үзіндімен жұмыс

1.Менің ойымды жеткізетін үзінді ...

2.Үзіндінің мәні мынада: ...

3.Мысал келтірсем ...

4.Ойымды әсерлі жеткізу үшін мына метафораны қолданамын ...

5. Рефлексия

«Кейінге қарау»: сабақтан біз не үйрендік? Оған қалай қол жеткіздік?

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу