Векторды үш компланар емес вектор бойынша жіктеу. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3В

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Векторды үш компланар емес вектор бойынша жіктеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.15 - векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу;

 Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктейді.

  Бағалау критерийлері

  • векторды компланар емес үш векторлар бойынша жіктей алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

векторларға амалдарды қолдануды сипаттайды; скаляр көбейтіндінің мәніне қарасты бұрыштың түрін негіздейді; қолданбалы есептерде векторлардың қолданылуларын негіздейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

параллелепипед ережесі, радиус- вектор, орт-вектор, компланар векторлар, векторды үш компланар емес векторлар арқылы жіктеу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • векторлардың координаталарын ... ретінде анықтаймыз
  • радиус-вектордың координаталары ... арқылы анықталады
  • векторды ... арқылы жіктеу үшін...
  • векторлар арасындағы бұрыш...

егер векторлардың скалярлық көбейтіндісі нөлге тең болса, онда...

  Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, сызу

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті құралдарды қолдану, интернет ресурстар

Бастапқы білім

Вектор түсінігі, векторлардың коллинеарлығы, скалярлық көбейтіндісі, векторларға амалдар қолдана білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

5 мин

  • Оқушылармен амандасу
  • Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.
  • Өткен білімді қайталау.

1.Үш вектор компланар да ,компланар емес те болуы мүмкін.

ВВ1, ОD және ОЕ векторлары компланар болады ма?

2. ОА, ОВ және ОС векторлары компланар болады ма?

3. AD, А1С1 және D1B векторлары компланар болады ма?

4. AD , D1B векторлары компланар болады ма?

Сабақтың ортасы

5 мин

15 мин

10 мин

4.Жаңа сабақты түсіндіру.

Векторды компланар емес үш вектор бойынша жіктеу.

Егер вектор мына түрде жазылса , p = xa + yb + zc мұндағы x,y,z сандар, онда р векторы векторлары арқылы жіктелген деп атайды.

Векторды үш компланар емес вектор бойынша жіктеу туралы теорема: кез-келген векторды берілген үш компланар емес вектор бойынша жіктеуге болады және жіктелу коэффициенттері жалғыз ғана әдіспен анықталады.

5.Ұжымдық жұмыс.

№360

а) АВСA1B1C1D1 - параллелепипед

BD1 векторын BA, ВС және ВВ1 векторлары арқылы жіктеңдер.

ә) АВСA1B1C1D1 - параллелепипед

B1D1 векторын А1A, А1В және А1D1 векторлары арқылы жіктеңдер.

Дескрипторлар

1.Параллелепипед ережесін қолданады;

2.Берілген векторлар арқылы BD1 векторын дұрыс жіктейді;

3.Үшбұрыш ережесін қолданады;

4. B1D1 векторын дұрыс жіктейді;

№ 362.

К нүктесі ABCD тетраэдрінің ВС қырының ортасы. DK векторын векторлары бойынша жіктеңіз.

Дескрипторлар

1. Сызбасын дұрыс салады;

2.Үшбұрыш ережесін қолданады;

3.АК векторын дұрыс анықтайды;

4. DK векторын дұрыс анықтайды.

№ 364.

К нүктесі кубының қырының ортасы. АK векторын векторлары бойынша жіктеңдер. Кубтың қыры m –ге тең болса, осы вектордың ұзындығын табыңдар.

Дескрипторлар

1. Сызбасын дұрыс салады;

2. Параллелограмм ережесін пайдаланып бүйір жағының диагоналын табады;

3.Үшбұрыш ережесін қолданады;

4. Ізделінді векторды дұрыс анықтайды;

6. Жеке жұмыс.

1) ABCD параллелепипед берілген. векторын В және векторлары арқылы жіктеңіз.

Дескрипторлар

1. Сызбасын дұрыс салады;

Үшбұрыш ережесін қолданады;

2.Берілген векторлар арқылы векторын дұрыс жіктейді;

2) ABCD параллелограмм, M = DB

векторлары.

Дескрипторлар

1. Сызбасын дұрыс салады;

2. Диагональдары арқылы үшбұрыштарды пайдаланады; 3. Параллелограмм ережесін қолданады;

4. ОМ векторын векторлардың қосындысы арқылы жіктейді;

5. Дұрыс интерпретациялайды.

https://www.youtube.com/watch?v=jykCUPMEBGk

Сабақтың соңы

2 мин

7. Үй тапсырмасы.

Берілгені: ABCDпараллелепипед.

О – диагоналдардың қиылысу нүктесі. CD және O векторын A, AB, AD векторлары бойынша жіктеңіз.

8. Рефлексия.

  • Мен түсіндім…
  • Мен білемін…
  • Маған әлі қиын…

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке жұмыс жасайды.

Есептер шығару барысында жеке-дара оқыту ұйымдастырылады.

Жеке жұмыста өзін-өзі, ұжымдық жұмыста бірін-бірі бағалау түрлері қолданылады.

Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.