Саяси режимдердің типтері. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал 3.


 Қосымша 4

 Тоталитаризмнен демократияға өту

 Әр түрлі елдердің демократияға бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бір жолда бір жүйелілік болуы керек дейді. Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеде екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарас бар.

 Либералдар жаңа жағдайға көшуде ортақ тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады. Мұнда элита және қатардағы азаматтардың бұл процеске тартылу деңгейі шешуші рөл атқарады. Себебі, олардың арқасында саяси реформалар атқарылады.

 Консерваторлардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленген, билік институттарын дұрыс пайдаланып, басқара білмейтін халықты билікке араластырудың керегі шамалы. Сондықтан дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заң, беделді саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс дейді. Солар ғана билікке саяси басшы жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия қалыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады деп түсіндіреді.

 Әр елдің даму сатысына байланысты бейімделу әр қилы.

 Экономика саласында:

  • Өндірістің тауар ақша арқылы реттелуі;
  • Мемлекеттер арасында экономикалық және сауда қатынастарының кеңеюі;
  • Ғылыми жетістіктермен алдыңғы қатарлы техналогияларды кеңінен тарату;
  • Білім мен ғылымды дамытуда қаражатты көбейту, т.с.с.

 Әлеуметтік салада:

  • Сословиелік-касталық бөліністерді жою.
  • Бір жіктен екінші жікке кедергісіз өтуге болатындай ашық қоғам орнату, т.с.с.

 Саяси салада:

  • Билікті алуан түрлілік тұрғыда ұйымдастыру.
  • Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау.
  • Саяси қатынастарды кеңейту, жетілдіріп отыру.
  • Саяси шешімдерді, кикілжіңдерді шешкенде мәмілеге келу.

 

 Бұрынғы социолистік елдер бірінен кейін бірі тотаритарлық жүйеден бас тартып, демократиялық жолға түсті. Капиталистік және социалистік жүйеге бөлінудің нышанындай көрінген Берлин қабырғасының күйреуі Шығыс және Орталық Еуропаның арасында жаңа жағдай туғызады. Ал бұрынғы КСРО еліндегі тотаритарлық тәртіп күйреп, оның қарамағындағы республикалар көп жылдар бойы аңсаған егемендігін алып, терезелері тең елдер қатарына қосылды.

 Польшаның әлеуметтанушысы, саясаттанушысы Ежи Вятордың ойынша, демократияға революция арқылы келуге болмайды. Себебі, революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлық қарсы жақтан зорлықты тудырады. Сондықтан оған жетудің үш жолы бар:

 Реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді. Мысалы, Түркия президенті Ататүріктің басқаруы осылай болды.

 Амалсыздықтан биліктен бас тарту. Мысалы, 1974 жылы Грекия басқарушысы полковниктері Кипрде әскери төңкеріс жасамақ болды. Оған жауап ретінде Түркия Кипрге әскер кіргізіп, нәтижесінде арал екіге бөлінеді. Грекия АҚШ-қа арқа сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады. Сондықтан билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтық үкіметке берді.

 Билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіппен демократияға өтеді. Мысалы, Испания (Франко өлгеннен кейін) , Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т.б.

 Авторитарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар:

  •  Ол тәртіпті өмірге әкелген мақсаттардың орындалуы;
  •  Сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбеюі;
  •  Авторитарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған батыс елдерінің ықпалы мен қысымы.

 Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрі бар:

 Құрылымдық бейімделу. Оған индустриаландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс басты құрылымның түбегейлі өзгеруі, білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, т.с.с. жатады.

 Азаматтық. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған.

 Саяси қатынасу. Азаматтарға қоғамның саяси өміріне қатынасуына кең жол ашылды. Мысалы: сайлау жасына келген сайлау және сайлануға құқықты болуы.

 

 Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты бар:

 Өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Мысалы: Ұлыбритания, АҚШ баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірді. Бұл (табиғи) болып саналады.

 Өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушылар “қуалай дамушы” елдер болады.

 Саяси бейімделу алғашында:

 А) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы.

 Б) батысқа бейімделу “үшінші елдердің” табысты әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жағдай жасады.

 В) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылданған.

 “Қуалай дамуды” жүзеге асырудың басты амал-әдісі – Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Демократиялық жолда ең алдымен саяси тұрақтылыққа үлкен мән беріледі. Онсыз айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жету мүмкін емес.

 

 https://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/238-sayasattanu/3280-totalitarizm.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.