Саяси режимдердің типтері. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, презентация.
« Демократия – қорқынышты нәрсе, бірақ адамзат одан артығын ойлап тапқан жоқ»
Уинстон ЧерчилльҰсынылған қанатты сөздің мәнін ашыңыз? Неліктен саяси билік әр елде әр түрлі?
Саяси режим дегеніміз не?
Саяси режим - елдегі саяси өмірдің сипаты мен саяси еркіндіктің деңгейін, билік пен қоғамның қарым-қатынасын көрсететін саяси жүйені ұйымдастыру жолы.
Демократиялық
Тоталитарлық
Авторитарлық
Саяси режим
Демократиялық
Антидемократиялық
Тоталитаризм
Авторитаризм
Демократия
Демократия - халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылыс.
Демократияның белгілері:
1. Халық – билік көзі
2. Билікті бөлу принципі сақталады
3. Тұлғаның құқықтары заңмен бекітілген және кепілдік беріледі.
4. Көппартиялық жүйе. Заңды оппозиция.
5. БАҚ цензурадан босатылған.
6. Қандай да бір ресми идеялогияның жоқтығы.
7. Қарулы күштер тәртіпті сақтайды
Тоталитаризм
Тоталитаризм – қоғамның барлық салаларын мемлекет қадағалап отыратын саяси режим
Барлығы мемлекетте, мемлекеттен тыс, мемлекетке қарсы еш нәрсе жоқ
Б.Муссолини
Тоталитаризм белгілері:
1. Монополиялық партия, көшбасшы тұлғаға табыну.
2. Билікті бөлудің болмауы.
3. Азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері сақталмайды.
4. Қоғам мен тұлғаның билікке толық бағынуы.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарының қатаң цензурасы, ақпараттың үстінен биліктің монополиясы.
6. Арнайы жасақ жазалаушы функцияларды жүзеге асырады.
7. Тек ресми мемлекеттік идеология бар.
А. Гитлер
Б. Муссолини
И. Сталин
Тоталитаризмнің қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал етеді?
Авторитаризм
Авторитаризм – Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.
Авторитаризм белгілері:
1. Бір адамның немесе кішігірім топтың күші.
2. Шексіз билік, ол азаматтармен бақыланбайды
3. Күштілік.
4. Саяси оппозиция мен бәсекелестікті болдырмау.
5. Қоғамды толық бақылаудан бас тарту, қоғамның басқа салаларына, әсіресе экономикаға араласпау.
Ф. Франко
А. Пиночет
М. Каддафи
Тоталитаризмнен авторитаризмнің айырмашылығы неде?
Рефлексия
Сөйлемді аяқтаңыз:
Демократиялық режимнің негізгі белгілері...
Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.