Саяси режимдердің типтері. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 3: Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Букаева Б.С. | ||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | |||||||
Сабақтың тақырыбы: Саяси режимдердің типтері | |||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.5 -деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру; 10.3.1.6 - тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін талдау | ||||||||
Сабақтың мақсаты | Демократиялық және антидемократиялық режимдердің негізгі принциптерін ашу арқылы түрлі саяси режимдердің типтерін сәйкестендіру. | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Ақпараттық парақтарды пайдалану арқылы саяси биліктің күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында жұппен жұмыс жасайды; Пәндік лексика және терминология: Саяси режим, тоталитарлық режим, авторитарлық режим, демократиялық режим, Диалог/жазылымға қажет тіркестер: Демократиялық режимнің негізгі принциптері... Тоталитарлық режимнің негізгі принциптері …….. Саяси режим ……… білдіреді | ||||||||
Құндылықтар | Адами құндылықтар мен құқықтарды қорғауға, толеранттылық пен өзара түсіністікке тәрбиелеу | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет пәнімен | ||||||||
Сабақ концептісі | Интерпретация | ||||||||
АКТ қолдану дағдысы | Ақпаратты іздеу, оны іріктеумен байланысты өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту; фактілер мен құбылыстарды салыстыру және байланыс орнату | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы (5 мин) | (ПСМ) « Демократия – үрейлі нәрсе, бірақ адамзат одан артығын ойлап тапқан жоқ». Уинстон Черчилль Ұсынылған қанатты сөздің мәнін ашыңыз? Неліктен саяси билік әр елде әр түрлі? Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе анықтау. | ||||||||
Сабақтың ортасы (5 мин) (10 мин) (5 мин) (10 мин) | (К) Миға шабуыл: Саяси режим дегеніміз не? Оқушылар алдымен жұпта талқылап, кейін топтарға бірігіп, «саяси режим» терминінің анықтамасын құрайды. Оқушы жауаптарын тыңдап және талқылап болған соң мұғалім тақтадан терминнің дұрыс анықтамасын көрсетеді. Саяси режим - елдегі саяси өмірдің сипаты мен саяси еркіндіктің деңгейін, билік пен қоғамның қарым-қатынасын көрсететін саяси жүйені ұйымдастыру жолы. (У) Елдегі саяси өмірдің сипаты мемлекет дамуының мәдениеті, дәстүрлері мен тарихи жағдайларымен анықталады. Барлық саяси режимдердің күшті және әлсіз жақтары бар. Бүгінгі сабақта әр түрлі саяси режимдердің күшті және әлсіз жақтары анықтайтын боламыз. Талқылауға арналған сұрақтар: Саяси режимдердің қандай түрлерін білесіз? (Демократиялық, тоталитарлық, авторитардық және т.б.) (Г) Оқушылар топтарға бөлінеді Топтық тапсырма Ақпараттық парақтарды оқып, саяси режимдердің күшті және әлсіз жақтарын талдап көріңіз. 1 топ – демократиялық режим 2 топ – тоталитарлық режим 3 топ – авторитарлық режим Оқушылар саяси режимдердің әлсіз және күштері тұстарын постерға түсіріп, оларды талдайды. Бағалау критерийлері: Саяси режимдердің күшті және әлсіз тұстарын анықтайды Дескрипторлар: 1.Кемінде 3 күшті тұсын анықтап, талдайды 2. Кемінде 3 әлсіз тұсын анықтап, талдайды 3. Дәлелді қорытынды жасайды (П) Тапсырма Саяси режим типтерін сипаттамалармен сәйкестендіріңіз а) тоталитаризм б) авторитаризм в) демократия 1.Саяси билік шектелген плюрализмге мүмкіндік беретін саяси режим, бірақ қоғаммен қарым-қатынастарды негізінен мәжбүрлеуге негіздейді; 2.Халықты билік көзі ретінде тануға негізделген, мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге қатысу құқығына негізделген қоғамның саяси жүйесі; 3. Әр адамның және тұтастай қоғам өмірінің әр түрлі аспектілеріне толық бақылау жасауды көздейтін саяси режим; 4. Аздың мүдделері мен құқықтарын құрметтей отырып, көпшіліктің саяси шешімдерді қабылдауы; 5. Заңнамалық, атқарушы және сот биліктерінің бөлінуі; 6. Ресми доминантты идеологиялардың болуы; 7. Ақпаратты және бұқаралық ақпарат құралдарын толық бақылау; 8. Негізгі саяси әрекеттер (сайлау, референдумдар және т.б.) елеусіз формальдылық болып табылады; 9. Адамның тәуелсіздігі кейбір саяси емес салаларда (өнер, ғылым және т.б.) мойындалады. Дескрипторлар:
Мәтінмен жұмыс. Тапсырма: Мәнді оқыңыз және тоталитарлық саяси режимнен демократиялық режимге көшудің ерекшеліктерін талдаңыз. Бағалау критерийлері: Тоталитарлық саяси режимнен демократиялық режимге көшудің кемінде 2ерекшелігіне талдау жасайды. Дескрипторлар:
Тоталитарлық режимнен демокартиялық режимге көшудің заңдылықтары: 1. Біртіндеп түрлендіру, олардың дәйектілігі;2. саяси, экономикалық және басқа салаларда авторитарлықты азайту және біртіндеп демократияны кеңейту;3.Қоғамның рөлін күшейту және демократияландырудың әлеуметтік тіреуін кеңейту;4. Негізгі саяси күштер арасындағы консенсусқа қол жеткізу. Талқылауға арналған сұрақ: Қандай қоғамдық-саяси жағдайда адам саяси билікке тиімді әсер ету қабілетіне ие болады және қандай жағдайларда олар билікке сөзсіз бағынатын болады? | http://www.grandars.ru/college/sociologiya/politicheskie-rezhimy.html https://myfilology.ru/social-studies/politicheskii-rezhim-tipy-politicheskikh-rezhimov/ | |||||||
Сабақтың соңы (5 мин) | Рефлексия Сөйлемді аяқтаңыз: Демократиялық режимнің негізгі белгілері... Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері... | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері | |||||||
Дифференциация ақпараттық парақтармен және бейне материалдармен жұмыс барысында жүзеге асты. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы өз бетерінше орындады, қажет болған жағдайда кейбір оушыларға қолдау көрсетілді. Дифференциация уақытты ұтымды пайдаланылу арқылы, ұсынылған тапсырмаларда және сабақтың түрлі сатыларында қолданылды. | Сабақта жұпта бірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалау жүзеге асады | Сабақта денсаулықты сақтау технологиялары, белсенді оқыту әдістері қолданылды. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар ОМ қол жеткізді ма? Егер жоқ болса, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүзеге асты ма? Сабақ кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? | Сабақ мақсаттары қолжетімді және өлшеуге келеді. | ||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.