1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

 1848-1849 жылдардағы Германиядағы революция

 Герман мемлекетінің Францияға қарсы интевенцияға қатысуы, соғыс оқиғаларының Германия жеріне көшуі, революцияның ықпалы бұл елде феодализмнің күйзелісін туғызды. Феодалдық қалдықтар мен саяси бытыраңқылық елдің өнеркісңбі мен саудасының дамуына кедергі болды. Бытыраңқы ұсақ мемлекеттерде көсемдік жүргізетін қуатты буржуазия қалыптасты. 1848 жылы Францияға таяу Оңтүстік Батыс Германияда революция басталды. Берлинге Париж революциясының жеңгендігі жөнінде хабар жетісімен халық толқулары басталды. Наурыздың 19-на қараған түнде бүкілхалықтық көтеріліс тұтанып, баррикадалық шайқаста король армиясы жеңілді. Король халық жеңгенін сезіп, өз үндеуін жариялап, жаңа үкімет құрылатындығын хабарлады. Халық көтерілісінің арқасында үкімет билігіне ескі басқару тәртібіне бейім пруссиялық буржуазия келді. Алғашқы жеңістерден соңғы революцияның тағдыры екі ірі герман мемлекеттері Австрия мен Пруссияға тәуелді болды.Германияны біріктіру мәселесі наурыз айының аяғында шақырылған парламентке дайындық жиналысында қарала бастады. Бұл жиналыстың буржуазиялық-либералдық көпшілігі демократтар ұсынған Реманияны біртұтас және демократиялық республика етіп жариялау ұсынысын қабылдамады. Ұзақ мәжілістер 1849 жылдың наурызында парламент Конституцияны қабылдап, Германия біртұтас екі палаталы рейхстагы бар Конституциялық империя деп жарияланды. 1849 жылдың мамыр – шілде айларында тұтанған халық көтерілістері орын алды. Олардың жеңіліспен аяқталуының себептері бытыраңқы әрі бір уақытта болмағандығынан және бірліктің жоқтығынан еді.

https://baribar.kz/student/6504/1848-1849zhzh-europadaghy-revolyutsiyalar/

 

 

 Австрия  империясындағы   революция. Венгриядағы  тәуелсіздік  жолындағы  Революциялық  соғыс.

 Тарихи жағдайларға байланысты Австрия көп ұлтты империя болып қалыптасты. 1792-1815 жылдары соғыс пен қиыншылықтарды басынан өткізген Габсбургтер әулетінің империясы Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Еуропадағы кішігірім халықтарға үстемдігін орнатты. Онда тұратын 34 млн халықтың жартысынан көбі славяндар (чехтар, словактар, хорваттар, поляктар, сербтер, украиндар) болатын.5 млн мадиярлар және соған жуық италияндықтар мен валахтар болды. Осы халықтардың әрқайсысын габсбургтер шенеуніктер мен әскерилердің, полиция аппаратының күшімен басқарды. 1848 жылы Германия мен Италияның алдында елді біріктіру міндеті тұрған болса, Австрия империясы алдында көптеген халықты Габсбургтер езгісінен азат ету мақсаты тұрды. Бұл жерде феодализмге қарсы күреспен ұлт азаттық күрестің мақсаттары ұштасып жатты. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс пен ауыл шаруашылық өнімдерінің шықпай қалуы империяда революцияға жағдай туғызды. Венадағы революция 13 наурыз күні бүкіл халықтың жаппай көтерілісімен басталды. Армияның көпшілігі Италия мен Венгрияда еді. Халық қаһарынан қорыққан император Меттернихты тез арада қызметінен босатты, ол болса әйелше киініп, астанадан қашуға мәжбүр болды.Үкімет тез арада  конституция  қабылдады.  «Австрия  империясы  біртұтас  әрі бөлінбейді» деп жариялады. Монархия өзінің абсолюттік билігін сақтап қалды. Жұмысшылар мен халықтың тек азшылығы ғана сайлау құқығын алды. Бұған қарсы Вена халқы түгелдей баррикадаға шықты.Италия мен Венгриядағы революциялық көтерілістер Вена халқының жеңіске жетуіне және Австрия шаруаларының бас бостандығын алуына себеп болды.

https://baribar.kz/student/6504/1848-1849zhzh-europadaghy-revolyutsiyalar/

№1 тапсырма Мәтіннің негізінде жұпта «Органайзер» кестені толтырындар.

№1 кесте

Мемлекет атауы.

Революцияның уақыты және орны.

Қатысушылары

Ерекшелігі

Буржуазияның мақсаты

Интеллигенцияның мақсаты

Жұмысшылар мақсаты

Революцияның нәтижесі

 

 Қосымша 2

№2 тапсырма «Органайзер» кестені қолданып, топта 1848-1849 жылдардағы Еуропадағы революцияны талқыландар.

№2 кесте

 

 

 Қосымша 3

№3 тапсырма

  • 1848-1849 жылдары Еуропа мемлекеттерінде орын алған революцияның себептерін (әлеуметтік, экономикалық, саяси) әр түсті маркермен мәтінде белгілендер.
  • Топта Еуропадағы революцияның 1 ортақ себебін анықтап, талқыландар.
  • «1848-1849 жылдардағы Еуропадағы революция барысында әлеуметтік таптар арасындағы қарама-қайшылықтың туындау себебі неде?»,- деген сұраққа мәтінді және өз білімінді қолданып, кеңейтілген жауап жазындар.

 

 Қосымша 4

№4 тапсырма Топта революцияның туындауына ықпал еткен бірнеше факторларды анықтап, «Органайзер» кестесін толтырыңдар

1848-1849 жылдары Еуропада буржуазиялық революциялардың орын алу себебі неде?

Саяси фактор:

Артықшылығы:

Артықшылығы:

Қызықты факті:

Кемшілігі:

Кемшілігі:

Әлеуметтік фактор:

Артықшылығы:

Артықшылығы:

Қызықты факті:

Кемшілігі:

Кемшілігі:

Экономикалық фактор:

Артықшылығы:

Қызықты факті:

Кемшілігі:

Бұл факторларды талдап, келесі қорытындыға келдік...

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.