1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, презентация.


Суреттегі адамдар мен оқиғалар қандай идеологиялық ағымдармен байланысты?

Cабақтың тақырыбы:

1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?

Оқыту мақсаттары:

7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау;

7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;

7.2.3.3 - К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру;

7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

Бағалау критерийі:

Саясаттағы «оң қанат» және «сол қанат» демократия, либерализм, республикандықтар, социализм деген терминдердің мағынасын түсінеді;

Топта мемлекеттердегі революцияның себептерімен нәтижелерін анықтайды;

Өз зерттеулері негізінде диаграмма құрастырады;

Тарихи концепт: себеп-салдар

1789 жылғы революциялық Ұлттық Ассамблеяның кездесуі

1789 жылы революциялық Ұлттық жиналыстың кездесуінде монархия мен шіркеуді қолдайтын депутаттар тақтың оң жағында отырса, реформаларды қолдайтын депутаттар сол жағында отырды. Қазіргі заманғы саясатта «оң қанат» және «сол қанат» терминдері осыдан пайда болды.

1840-жылдары Еуропадағы сол қанаттың идеялары мен концепцияларының қысқаша анықтамасы

ДемократияТендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

Либерализмәлеуметтік, саясиэкономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді

Национализмэтникалық құндылықтары мен мақсат-мұраттарын құрметтеуі мен сипатталатын адам санасындағы әлеуметтік-саяси және психологиялық-этникалық құбылыс.

Социализм 1840-жылдары жалпылама түсінікке ие бола қоймады, дегенмен төмендегідей ұғымдарды қамтыды:

Жұмысшыларға неғұрлым көп билік беру;

Жұмысшылар өндірістік құрал-жабдықтарға иелік етеді;

Мемлекеттің жұмысшы табын қолдаудағы ролін арттыру.

№1 Тапсырма Терминдермен жұмыс

Дескрипторлар:

Саясаттағы «оң қанат» және «сол қанат» деген терминдердің мағынасын түсінеді;

Демократия, либерализм, республикандықтар, социализм терминдердің мағынасын біледі;

Топқа бөлу

1-топ Франция

2-топ Италия

3-топ Германия

4-топ Венгрия

Топтық зерттеу:

Революциялардың себептері:

Қандай саяси идеялар революцияны қалыптастырды

Қатысушылар (қозғаушы күштер)

Міндеттер (талаптар)

Нәтиже

№2 тапсырма

Әлеуметтік қарама-қайшылықтардың өршуі

Р

Е

В

О

Л

Ю

Ц

И

Я

Барлық жерде басыбайлылық құқық сақталғандықтан, шаруалар помещиктерге тәуелді болды

Жұмысшылар мен қолөнершілер өз отбасыларын қажеттіліктермен зорға қамтамасыз етті, себебі буржуазия саяси биліктен шеттетілген болатын

Революцияның себептері

Билеуші тап

Феодалдар басқа тұрғындардың қолы жетпейтін құқықтарға ие болды, жоғарғы мемлекеттік қызметтерде болды, барлық салықтардан босатылды, өздерінің соттары болды. Барлық жерлерде шенеуніктер мен полицияның бассыздықтары жайлап алды.

Қарапайым халық

Қуаңшылық, экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық пен 40-ж аштық қаупі халықтың шыдамының шегіне жеткізді. Барлық жерде конституцияны, еркіндік пен реформаларды талап ететін наразылықтар қалыптасты.

Революция талаптары

Азаматтық бостандықтар: заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, түрмеде отырған азаматтарға амнистия жариялау.

Феодалдық міндеткерліктерді жою.

Ұлттық жиналысқа сайлау өткізу

Революцияның мақсаттары

Феодалдық тәртіптерді жою,

Абсолютизмді жойып, конституциялық құрылысты қалыптастыру

Германия, Италия, Австрия империсында әртүрлі ұлттар арасындағы қатынастар барысындағы мәселені шешу (неге?).

Түрткі болды Париждегі көтеріліс туралы оқиға

1848 жыл- Халықтар көктемі

1848-1849 жж. Әртүрлі европалық елдерде бір уақытта революциялар болды?

Түрткі болды – 23 ақпанда король әскерлері жұмысшыларды атқылады. Бірнеше ондаған жұмысшылар оққа ұшты және жараланды.

Карл Маркс.

Жалпыға бірдей теңдік ұғымын насихаттаған марксизм 19-ғасырдың ортасында қалыптасты.

Бұл ағымға жұмысшылардың басым бөлігі қосылды.

Марксизм идеясының негізін салушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс 1844 ж танысты

Олар 1848 жылы коммунистік партияның Манифестін» жазды.

Топта өз зерттеулерінің негізінде берілген елдегі революцияны қалыптастырудағы бес идеяның маңыздылығын білдіретін диаграмманы құрастырыңдар.

№3 тапсырма

Дескрипторлар:

Топта оқушылар революцияның себептерін анықтайды;

Революцияны қалыптастырған саяси идеяларды анықтайды;

Революцияның қозғаушы күштері мен алға қойған талаптарын біледі;

Революцияның нәтижесі қалай аяқталғанын анықтайды;

Өз зерттеулері негізінде 5 бөліктен тұратын диаграмма құрастырады;

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.