1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.14.1

 VІІ бөлім. Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері

 Сабақ тақырыбы: 1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?

 Оқу мақсаттары:

 7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

 7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

 7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;

 7.2.3.3 - К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру;

 7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

 Тарихи концепт: дәлел

  «7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау» - сабақ мақсатына қатысты әдістемелік нұсқаулыр

 

 Мәтін: «1848-1849 жж. Еуропадағы революциялардың алғышарттары».

 

 ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарының ортасынан бастап Еуропада жақындап келе жатқан революциялық дауыл байқалды. Реформистік күштердің қысымымен ең консервативті режимдер күйрей бастады. 1848 жылы өзінің либералдық көзқарастарымен танымал болған IX Пий Рим Папасы болып сайланды. Өзінің билігінің алғашқы айларында ол саяси қылмыстар үшін жазаланған адамдаға рақымшылық жариялады. 10 мың тұтқын босатылды. Мұны естіген Рим тұрғындары жылқыларды күймеден босатып, Папаны гүл шоқтарымен жаудырып, өздері оны тасып жөнелді.

 Осыдан кейін Тоскана, Пьемонт, Солтүстік және Орталық Италияның басқа мемлекеттерінің басшылары да либералды реформалардың басталғанын жариялады.

 1846 жылы поляк патриоттары австриялық билікке қарсы Краковқа көтеріліс бастады. Бірнеше күн үшінде бұл көтеріліс Австрия, Пруссия және Ресейдің бірлескен әрекеттерімен жаншылды.

 1847 жылы Швейцарияда осы мемлекеттің бірігуінің жақтастары мен қарсыластары арасында азаматтық соғыс басталды. Нәтижесінде бірлік пен демократиялық реформалардың жақтаушылары жеңіске жетті.

 1846-1847 жж. еуропалық елдерді сілкіндірген терең экономикалық дағдарыс жағдайды одан әрі тереңдетті. Бұған өндірістік өнімділігінің төмендеуі, жұмыссыздық пен кедейліктің артуы себеп болды.

 Мысалы, 1845-1846 жж. Ирландияда картоптың нашар өндірілуінің салдарында шынай аштық орын алды. 1 миллионға жуық адам қайтыс болды, жүз мыңдаған адамдар басқа елдерде, соның ішінде, құтқарылу үшін Америкаға кетуге мәжбүр болды.

 1848 жылдың басында болған оқиға Еуропадағы ешқандай прецедент болмаған үдеріс - революция бірнеше елдерде бір уақытта орын алды. Түрлі елдердің азаматтарының өз құқықтарын қорғау үшін көтеріліске шыққанын замандастары «халықтардың көктемі» деп атады.

 Бұл еуропалық елдер арасындағы экономикалық және саяси байланыстардың байланыстары тығыз болғандағын, сонымен қатар олардың дамуындағы ұқсас қиындықтарға тап болғанын дәделдеді.

 Ең бастысы, азаматтар саяси тәртіппен қанағаттанбағай, өз құқықтары мен бостандықтарын кеңейту үшін күресті.

 Әлеуметтік мәселе ең өзекті мәселе болды. Экономикалық дағдарыс зауыт жұмысшыларының жағдайын одан әрі нашарлады. Қалалық кедейлер өздерінің мәселеллерінің шешілуде тек қана революцияға үміт артты.

 Еуропа халықтарын 1815 жылы Вена конгресі бекіткен заңды тәртіп қанағаттандырмады. Әсіресе өздерінің ұлттық мемлекеттілігінен айырылған халықтар бұл тәртіпке қарсылық көрсетті.

 Тіпті тәуелсіз Франция халқы Вена бұйрығына наразылық білдірді. Француздар бұл олардың ел мүдделеріне қайшы келетінін мәлімдеді, өйткені ол Австрия, Пруссия және Ресейдің абсолюттік үкіметтерінің мүдделерін ескере отырып, сыртқы саясат жүргізуге мәжбір болды.

 Революция нәтижелері:

 1848-1849 жж. революциялар Еуропа елдерінің алдында тұрған проблемалардың ешқайсысын шеше алмады. Либералдық және демократиялық өзгерістерді енгізу әрекеттері реакцияның жеңісімен аяқталды.

 Шындығында, абсолютизм жаңартылған сыртқы бейнесімен қалпына келтірілді. Тек Пьемонте либералдық тәртіптер сақталды.

 Шетелдік үстемдіктер немесе біртұтас мемлекетті құруға ұмтылған халықтардың ұлттық қозғалысы жеңіліске ұшырады.

 Революция кедейлердің әлеуметтік мәселелері шешіледі деген үміттері ақталмады.

 Дегенмен, жеңіліске қарамастан, бұл революциялар тарихта терең із қалдырды. Олар Еуропадағы ескі легитимді тәртіпті қатты сілкіндірді. Ол қалпына келтірілсе де, оның өмір сүру күндері санаулы болды.

 

 Түрлі елдердегі революцияның жалпы белгілері:

 1. Барлық елдерге ортаө себептері.

 2. Қатысушылардың ұқсас құрамы.

 3. Революциялық күрес құралдарын пайданалуы.

 4. Буржуазиялық - демократиялық сипатқа ие болуы.

 5. Барлық елдерде революция жеңіліске ұшырады.

 6. Мақсаттарға қол жеткізбеді (Данияны қоспағанда).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.