1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

 1848-1849 жылдардағы Франциядағы революция.

       

 1830 жылы король депутаттар палатасын таратып, төрт төтенше үкім шығарды. Бұл төтенше жарғылар «1814 жылғы хартияны» жойып абсолютизмге жол салмақ еді.Осы шешімдер шілде айының аяғында халық көтерілісін туғызды. Көтерілісшілер король сарайын «Даңқты үш күдік революция» барысында(26-28 шілде аралығында) X Карл шетелге кетуге мәжбүр болды. Шілде революциясы Бурбондар әулетін тақтан біржолата тайдырды. Халық көтерілісі жеңгенімен өкімет басына ірі буржуазия келді. Депутаттар Луи Филипп Орлеанды король етіп жариялады. Шілде революциясы буржуазиялық революция болды. Сайлау құқығы сәл кеңейтілді. Өкімет басшылығы жер иеленуші ақсүйектер қолынан ақшалы ақсүйектер қолына ауысты. Буржуазиялық монархия орнады. Қалпына келтіру және шілде монархиясы жылдарында Францияда капитализмнің өнеркәсіп төңкерісі болып өтті. Станокты ірі фабрикалар пайда болды, бу машиналарын кеңінен қолдану, шойын қорыту мен көмір өндіру өріс алды. Пісіп жетілген революция алдында қаржы ақсүйектерінің билігін, Францияның өнеркәсіптік капиталистік дамуын тежеген шілде монархиясын құлату кең көлемді буржуазиялық-демократиялық қайта құрулар жүргізу міндеті тұрды. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс, сонымен байланысты жұмыссыздық, ауылды жерде картопты құрт жеп шықпай қалуы, аштық, қымбатшылық осының бәрі ірі қалаларда халық толқуларын туғызған еді. Ірі буржуазия саяси билікті реформалау науқанын бастап, «Революцияны болдырмау үшін реформа керек!» деген ұранмен банкеттер өткізіп жатты. Парижде революция 1848 жылғы ақпанның 24 – күні басталды. Үкіметтің реформаны жақтаушылардың кезекті банкетін тарату әрекетіне қарсы көтеріліске шыққан халық патша сарайын шабуылға алып, корольдің тағын Бастилия алаңында өртеп жіберді. Мұнымен халық монархияға қарсылығын білдірмек болған еді.Луи Филипп Англияға қашып кетті. Буржуазия көтерілісшілер талабына көніп, республиканы жариялады. Революцияның шешуші күші жұмысшылар республика өздеріне әлеуметтік азаттық әпереді деп үміттенген еді.Құрылтай жиналысында, жаңа үкімет құрамында да жұмысшылар өкілі болмады. Буржуазия көтерілісті аяусыз басып жаныштады. Билік басына келген Луи Наполеон елде әскери диктатура орнатты.Буржуазиялық республикашылар қызметтен қуылып, олардың орнын монархшылар басты. 1849 жылдың жазында ұсақ буржуазиялық демократтардың бой көрсетуі күшпен таратылды. Саяси күрестің нәтижесінен мынадай қорытынды шығаруға болады:республикалық, демократиялық ұрандармен дүние жүзіне әйгілі болған француз буржуазиялық республикашыларды еңбекшң халық мүдделерімен санасқысы келмеді. Сол мүдделер үшін көтерілген пролетариатты қатыгездікпен қырғынға ұшыратты.

https://baribar.kz/student/6504/1848-1849zhzh-europadaghy-revolyutsiyalar/

№1 тапсырма Берілген сұрақтарға кем дегенде 2 дәйек келтіріп, деректермен бекітіңіз.

  • Неліктен Еуропада 1848-1849 жылдары буржуазиялық революциялардың толқыны белең алды?
  • Революция неліктен буржуазиялық деп аталды?
  • Революцияның туындауына қандай факторлар себеп болды?
  • Еуропада болған революциялардың қандай ортақ белгілері бар?
  • Революцияның маңыздылығы неде?

Үлгі:

  • Дәйек (аргумент)______________________________________________

Дерек(факт)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Дәйек (аргумент)______________________________________________

Дерек(факт)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 Қосымша 2

№2 тапсырма. Кестеде берілген ұғымдардың анықтамасын жаз және анықтамаға түсіндірме жаса.

Негізгі ұғымдар

Анықтама

Анықтамаға түсіндірме

Демократия

Национализм

Либерализм

Социализм

 Қосымша 3

№3 тапсырма. Материалдардың көмегімен топта жиынтық кестені толтырыңдар.

Франция

Италия

Германия

Венгрия

Революциялардың себептері

Қандай саяси идеялар революцияны қалыптастырды

Қатысушылар (қозғаушы күштер)

Міндеттер (талаптар)

Нәтиже

:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.