Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім – Шытырман ойындары

арқылы ынтымақтастық

және коммуникативті орта Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Мектеп:

Күні: Қатыспағандар саны:

Сынып: 11

Сабақ тақырыбы

Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу

 Сабақ мақсаттары

  • денсаулықты нығайтуға бағытталған дене белсенділігі арқылы қауіпсіз сабақтар өткізе алады

 Жетістік критерийлері

  • қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы қауіпсіз сабақтар өткізе алады

 Тілдік мақсаттар

 

Түрлі қызықты ойындарды қолдана отырып, қарым-қатынас дағдылары мен коммуникациялық дағдыларын түсінеді.

Мыналарды қамтиды:

  • шытырман оқиғалы қызмет;
  • тактика және стратегия;
  • командалық өзара іс-қимыл;
  • топтық жұмыс;
  • қызықты ойындар;
  • қозғалыс қабілеті;
  • командалық білім;
  • баскетбол;

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?
  • Баскетболдағы дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсіндіріңіз?
  • Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

 Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану

дағдылары

Тақырып бойынша спорттық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта құру реттілігін АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған спорттық ойындар бойынша дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет.

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар спорттық ойындар ойнаған кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин.

(С, Т, ҚБ) Сыныпты шағын топтарға бөлеміз.

Топтарда "аймақтық қорғауға қарсы 3-2 шабуылы" жұмыс істейді. Бірінші ойыншы оңға қарай допты жерге ұрып жүріп қарсы командаға шабуыл жасайды. Допты жерге бір, екі ұрғаннан кейін ол екінші ойыншыға допты береді. Бірінші ойыншы допты жерге ұрып жүргенде бесінші ойыншы үш секундтық аймақты кесіп өтіп, допқа қарсы шығады. Екінші ойыншы мүмкін болса допты бесінші ойыншыға береді және алаңның жанының сызығымен алға шығады. Бұл уақытта төртінші ойыншы себетке соққы жасайды.

Бесінші ойыншы шабуыл жасағанда төртінші ойыншыға және алаңдағы екінші, үшінші ойыншыға допты бере алады.

Ережелерді жиі өзгерту барлық ойыншылардан шабуылдаудан өз ойын тез қайта құру және кері қайтуды талап етеді. Шабуылдың табысты әрекеттері Тікелей нәтиже береді, ал табысты қорғаныс әрекеттері оны бекітеді. Олар бір-бірін толықтырады және олардың біреуінің жетілмегендігі команданың жалпы нәтижесіне кері әсер етеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады.

Сұраңыз: тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар пайда болды? Тапсырманы орындау кезінде нені ескеру керек?

(С, ЖЖ, ҚБ) Ойынға қатысушылар екеуден жұптасып, допты әртүрлі бағытта бір-біріне лақтырады. Олардан басқа команда ойыншылары (бір немесе екі ойыншы) допты алып қоюға тырысады.

Белгілі бір уақыттан кейін командалар ойыншылардың орындарын ауыстырады. Ойыншылары допты көп рет ұстап алған команда жеңеді. Қорғаушылар мен шабуылшылар санын доп беру мен алып қоюды игерген сайын арттыруға болады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады;
  • Допты әртүрлі бағытта бір-біріне лақтырады;
  • Допты бір қолымен бастан асыра торға лақтырады.

Сұраңыз: Табысты болу үшін осы тапсырмада Сізге қандай негізгі дағдылар қажет?

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.

Мұғалім үшін ысқырық, баскетбол алаңы, баскетбол доптары, баскетбол себеттері, бор, кеергілер.

Баскетбол шабуыл және қорғау сілтеме:

http://www.offsport.ru/basketball/napadenie/

Сілтеме А. Я. Гомельский «Баскетбол стратегиясы мен тактикасы туралы»

http://dussh-5.ru/sport/basketbol/literatura/311-a-ya-gomelskij-o-strategii-i-taktike

Үлкен бос кеңістік.

Мұғалім үшін ысқырық, баскетбол доптары, бор, фишкалар.

Баскетбол жаттығуына сілтеме

http://www.gomelscouts.com/peredachi-v-parah-s-perehvatom-myacha.html

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу