Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім 6 – Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар

Меңгеру мақсаттары

11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу

11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.4 Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

2.2 Көшбасшылық, сондай-ақ команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану

Сабақ міндеттері

Сауықтыру

а) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру

б) қауіпсіздік техникасын сақтау

в) тірек-қимыл аппаратын нығайту

Білім беру

а) ойын дағдыларын жетілдіру

Дамыту

а) күш қабілеттерді дамыту

б) қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Тәрбиелеу

а) міндеттелген тапсырмаға жауапкершілік сезімді тәрбиелеу

б) еңбексүйгіштік

в) қозғалу мәдениеті

д) дене шынықтырумен жүйелі айналысуға қажеттілік

Сабақ мақсаттары

Басқа оқушылар үшін ең жақсы дене белсенділігін таңдай алады

Оқушылар көшбасшылық дағдыларын таныта алады

 Бағалау критерииі

Күшке бағытталған жаттығулар жиынтығын көрсетеді

Топпен жұмыс және көшбасшылық қабілеттерін көрсетеді

Ойлау дағдылар деңгейлері

Қолдану

 Шартты белгілер

С – барлық сынып Э - эксперимент учащегося

Т – топтық жұмыс К – мұғалім көрсетуі

ЖЖ – жұптық жұмыс Ж- жеке жұмыс

ҚБ – қалыптастырушы бағалау

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар төмендегі терминдер мен сөз тіркестерін біледі және қолданады:

  • Команда
  • Өзара әрекеттесу
  • Көшбасшылық
  • Коммуникативті
  • Ойын дағдылары

 Пән аралық байланыс

Сабақтағы пәнаралық байланыс физика пәнімен байланыс болуы мүмкін: инерция

 Әдістер

Топтық

Жеке

 АКТ қолдану

Бұл сабақта АКТ қарастырылмаған

Бастапқы білім

Оқушылар бөлім бойынша келесідей алдын-ала білімі бар: Көңілді ойындар арқылы коммуникациялық орта және ынтымақтастық: олар қозғалмалы және спорттық эстафеталардағы қауіпсіздік ережелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар\әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

2 мин

2 мин

3мин

Сабақ кезеңінің мақсаты: оқушылардың сабақтағы одан әрі жұмысына жағымды көңіл-күй орнату

Саптану, тақырып пен оқу мақсаттарын айту, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын түсіндіру.

Тақырыптық шабуыл: сұрақ қою арқылы тақырыпқа кіріспе

Мұғалім әрекеті: Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, сабақтың тақырыбына назар аудартады

Мысалы: Ағзаға неліктен дене жаттығулары керек?

Дене жүктемелері адамға қалай әсер етеді?

Дене жүктемесі кезінде ағзада қандай өзгерістер болады?

Көшбасшылық деген не?

Сіздің ойыңызша, «командада жұмыс жасай білу» дағдысы қазіргі уақытта қажет пе?

Оқушы әрекеті:

Сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбы туралы ой бөліседі

Оқушылар үшін мақсат: сабақта өнімді жұмысқа дайындалу

Мұғалім үшін мақсат: оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындау

Саптық жаттығулар

Мұғалім әрекеті: «Ұстап ал және жауап бер!» белсенділік уақыт ұйымдастыру.

Белсенділік мақсаты: академиялық тілді дамыту және өткен терминологияны бекіту, оқушыларды сабаққа тарту

Оқушы әрекеті: оқушылар рет бойынша саналады да өзінің нөмірін есте сақтап шеңберге тұрады.

Жүргізуші допты ортада ұстап тұрады. Кез-келген оқушының нөмерін айтады да допты соған лақтырып шеңбердегі соның орнына барып тұруға асығады, допты қабылдап алған оқушы ортаға жеткенше «Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта» бөлімінен бірнеше терминдер айтып үлгеруі керек.

(С) Мұғалім әрекеті: оқушыларға жұптасып оңтайлы дене жүктемесімен жаттығулар жиынтығын жасауды тапсырады.

(ЖЖ, ҚБ) Оқушы әрекеті:

№1 тапсырма: жұптасып жиынтықты жасақтайды, содан кейін орындау үшін басқа жұпқа ұсынады.

Мұғалім әрекеті: жүру және жүгіру жаттығуларын өткізеді

Жүру және оның түрлері:

- қол жоғарыда, аяқтың ұшымен;

- қолдар жанға созылған, өкшемен;

- қолдар желкеде, жартылай отырып;

- жәй жүріс.

Жүгіру (жәй екпінмен, оң және сол жанмен, арқамен алға қарап, тізені биікке көтеріп, өкшені артқа лақтырып, жылдамдық алып).

Демді қылыпқа келтіру

Мұғалім әрекеті: (С) қыздырыну жаттығуларын өткізу үшін оқушыларды сапқа тұрғызады

Оқушы әрекеті: оқушылар кезекпен кезек алға шығып осының алдында жұпта жасақтаған жаттығуларын көрсетеді

ҚБ: бірін бірі бағалау

Әр жаттығу үшін үлкен, бос кеңістік

Ережені өзгертуге болады

Арақашықтық сақтау

Қолдар жоғарыға созыады, саусақтар бірге, алақан ішке қарайды.

Қолдар жанға созылады, дене түзу ұстау.

Білек буындарды барынша алға созылған, денені түзу ұстап алға тура қарау.

«Адымда!»

«Жүгіріп бас!»

Жүгіруді орта қарқынмен орындау, арақашықтық сақтау.

Сабақтың ортасы

25мин

Негізгі іс-әрекеттерге көшу

Мақсаты: топта жұмыс істей білу және көшбасшылық қасиеттерін көрсету дағдыларын дамыту

Оқушы үшін мақсат: командада жұмыс істей білу және көшбасшы болу

Мұғалім үшін мақсат: күрделілігі жоғары әрекеттерді орындау кезінде оқушылар әрекеттерін үйлестіру

Мұғалім әрекеті: белсенді шытырман-әрекеттерді өткізу ережелерін түсіндіреді

Оқушы әрекеті: ойындық тапсырмаларды орындайы (С,К,Ж)

1 – тапсырма. Суретте көрсетілгендей жардан 5 м. арақашықтықта сөре болып табылатын доға тәріздес сызық белгіленеді. Ол сызықтың артында залдың ортасынан оң және сол жағында 5-6 ойыншыдан жасақталған екі команда орналасады. Жүгіруге қатысатын ойыншылар доғаның артына 1,5-2 м. арақашықтық сақтап бірінің артына бірі тұрады. Баскетбол қалқандарының астында – А1 және А2 болып белгіленген 2 оқушы тұрады, доп А1 ойыншының қолында болады. Мұғалімнің белгісі бойынша А1 ойыншы А2 ойыншысына допты жермен домалатып береді. Екі команданың ойыншылары да доптың артынан жүгіріп, бірінші болып өз командасына беруге тырысады. Ойын барысында көп ұпай жинай алған команда жеңіске жетеді.

Дескрипторлар:

- допқа жету үшін жылдам арттырып жүгіреді

- допқа бірінші болып жетеді

2 – тапсырма. «Белсенділер» және «писсемисттер» болып сынып екі командаға бөлінеді де, араласып бірінен соң бірі лекке мұғалімге қарсы қарап тұрады. А және В сызықтарында командаларыдың оң және сол жандарында, команда мүшелерінің санынан екі есе аз болатын әртүрлі саймандар қойылады (кубиктер, доптар, кеглдер). Алдын-ала келісілген белгі бойынша ойыншылар қажетті сызыққа жүгіріп барып бірінші болып саймандарға иелік етуге тырысады, сол арқылы командасына бір ұпай қанжығалайды. Көп ұпайға иелік еткен команда жеңіске жетеді.

Дескрипторлар:

- командаға кемінде бір ұпай алып келеді

- көшбасшылық танытады

- командада ынтымақтаса әрекеттеседі

3 – тапсырма. Ойынға екі команда қатысады, олар А және В болып белгіленген сөре сызықтарына орналасады. С болып белгіленен мәре сызығы В сызығынан 9-11 м. қашықтықта болады. «Дайыдал!» деген мұғалімнің белгісімен А және В сызығындағы ойыншылар бірдей қалып алады – отырып тірелу, жатып тірелу, отыру, жоғарғы сөре және т.с.с. «Баста!» пәрмені бойынша ойыншылар мәре болып табылатын С сызығын кесіп өту үшін алға жүгіреді, ал А команданың ойыншылары В команданың ойыншыларын қуып жетуге тырысады. Әрбір қуып жете алған ойыншы өз командасына бір ұпай алып келеді. Клесі жүгіруде командалар орындарын ауыстырады.

Дескрипторлар:

- алдындағы жүгрушіні қуып жетуге тырысады

- қашушы ойыншы жеткізбеу үшін жүгіреді

4 – тапсырма. Бұл ойынға қатысушы екі команда А және В болып белгіленген сөре сызықтарының артына лекке сапталады. С болып белгіленген мәре сызығы А және В сызықтарынан 9 м. қашықтыққа сызылады. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншылары С сызығына қарай бет алып жүгіреді. Мәре сызығын бірінші болып кескен жүгіруші өз командасына бір ұпай алып келеді. Жинақталған ұпайларды есептеген соң жеңімпаз команда анықталатын болады.

Дескрипторлар:

- мәре сызығына жылдамдықты үдете жүгіреді

- команда құрамында жұмыстана білу дағдысын көрсетеді

- ойында көшбасшылық танытады

ҚБ: оқушыларды бағалау үшін жеке бақылауды және дескрипторларды пайдаланады.

Әрбір іс-әрекет үшін кең, бос кеңістік.

Ысқырғыш, бор, кеглдер, кубиктер, баскетбол доптары.

.

Сабақтың соңы

5 мин

Сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау, үй тапсырмалары.

Мақсаты: оқушылар өз бетімен жеке эмоцияларын, жағдайларын, іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалайды. Сабақтағы рефлексиялауды ауызша жүзеге асырамыз, не түсінікті немесе не түсініксіз болды деген сұрақтар қою арқылы.

Мұғалім әрекеті: оқушыларға бірқатар сұрақтар қояды.

Оқушы әрекеті: сұрақтарға жауап береді, сабақтағы өз іс-әрекетін талдайды.

Командада жұмыс жасау білу деген нені білдіреді?

Мені команда ойыншысы деп санау үшін мен не істеуім керек?

Бүгін біз қандай оқу мақсатын шешуге тырыстық?

Командада болу жеңіл болған оқушылар қол көтеріңіздер!

Өзініңді көшбасшы ретінде сезіне алдыңыз ба?

Көшбасшылықты дамыту және командалық дағдыны қылыптастыру үшін өз сыныптастарыңа қандай кеңес берер едіңіз?

При построение обратить внимание на самочувствие учеников

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды.

Дене дайындығы жоғары оқушылар үшін жаттығуларды қайталау мөлшері екі есеге талап етіледі.

Дене дайындығында қолдауды қажет ететін оқушылар үшін жеке сөйлесу мен арнайы кеңестер беріледі.

АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді, жүргізуші, төреші рөлінде болады.

Бағалауды сабақ барысында мұғалім келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырады:

  • бақылау

- оқушы белсенділігі

- білім мен қозғалыс дағдысын көрсету

  • бағалау критериилеріне қол жеткізу

- дескрипторлар

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу