Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім 6 – Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар

Меңгеру мақсаттары

11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу

11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.4 Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

2.2 Көшбасшылық, сондай-ақ команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану

Сабақ міндеттері

Сауықтыру

а) жылдамдықты, ептілікті, қозғалыс үйлесімділігін дамыту, дене жаттығуларын орындау дағдылары мен білімді қалыптастыру, қозғалыс тәжірибені байыту

Білім беру

а) ойын дағдыларын дамыту техникасын жетілдіру

в) айналма жаттықтыру әдісіне қызығушылық қалыптастыру

Дамыту

а) күш қабілеттерді дамыту

б) қозғалыс үйлесімділігін дамыту

в) қарым-қатынас дағдыларын дамыту

Тәрбиелеу

а) спорт және ойын іс-әрекетіндегі қарым-қатынас және эмоционалды мінез-құлық мәдениетін, ерік-жігерді дамыту, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты қалыптастыру

Сабақ мақсаттары

Басқа оқушылар үшін ең жақсы дене белсенділігін таңдай алады

Оқушылар эстафетада және айналма жаттықтыру қарым-қатынас дағдыларын көрсете алады

Күтілетін нәтижелер

1. Өз ойларын дәлелді жеткізе біледі;

2. Басқалардың дене қасиеттерін дамыту үшін дене тәрбиесі құралдарын таңдай біледі;

3. Өз рөліне сәйкес диалогта қарым-қатынас құра біледі;

4. Бірлескен іс-әрекеттің жалпы шешімін әзірлеуде ынтымақтастықта серіктестердің позицияларымен өз ұстанымын дәлелдеу және оны үйлестіреді.

 Бағалау критерииі

Гимнастикалық таяқшамен жаттығулар жиынтығын көрсетеді

Айналмалы жаттықтыруда топтық жұмыс дағдыларын көрсетеді

Ойлау дағдылар деңгейлері

Қолдану

 Шартты белгілер

С – барлық сынып Э - эксперимент учащегося

Т – топтық жұмыс К – мұғалім көрсетуі

ЖЖ – жұптық жұмыс Ж- жеке жұмыс

ҚБ – қалыптастырушы бағалау

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар төмендегі терминдер мен сөз тіркестерін біледі және қолданады:

  • Команда
  • Айналма жаттығу әдісі
  • Көшбасшы
  • Ойын дағдылары
  • Пресс-белтемір
  • Гиперэкстензия.
  • Веложаттықтырғыш

 Пән аралық байланыс

Сабақтағы пәнаралық байланыс физика пәнімен байланыс болуы мүмкін: инерция

 Әдістер

Топтық

Жеке

 АКТ қолдану

Бұл сабақта АКТ қарастырылмаған

Бастапқы білім

Оқушылар бөлім бойынша келесідей алдын-ала білімі бар: Көңілді ойындар арқылы коммуникациялық орта және ынтымақтастық: олар қозғалмалы және спорттық эстафеталардағы қауіпсіздік ережелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар\әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

2 мин

2 мин

3мин

Сабақ кезеңінің мақсаты: оқушылардың сабақтағы одан әрі жұмысына жағымды көңіл-күй орнату

Саптану, тақырып пен оқу мақсаттарын айту, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын түсіндіру.

Тақырыптық шабуыл: сұрақ қою арқылы тақырыпқа кіріспе

Мұғалім әрекеті: Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, сабақтың тақырыбына назар аудартады

Мысалы: Ағзаға неліктен дене жаттығулары керек?

Дене жүктемелері адамға қалай әсер етеді?

Дене жүктемесі кезінде ағзада қандай өзгерістер болады?

Көшбасшылық деген не?

Сіздің ойыңызша, «командада жұмыс жасай білу» дағдысы қазіргі уақытта қажет пе?

Оқушы әрекеті:

Сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбы туралы ой бөліседі

Оқушылар үшін мақсат: сабақта өнімді жұмысқа дайындалу

Мұғалім үшін мақсат: оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындау

Саптық жаттығулар

Мұғалім әрекеті: «Үшінші артық» белсенділік уақыт ұйымдастыру.

Оқушы әрекеті: оқушылар жұптасып шеңберге тұрады. Ойын басында жүргізушіні таңдайды («қуғыншы»), және қашушыны таңдайды («үшінші артық»). Барлық ойыншылар бірінің артына бірі шеңбердің ортасына қарап екі шеңберге тұрады. Осылайша ойыншылардың қосарланған екі шеңбері пайда болады. ойын басында «қуғыншы» шеңбердің ортасында ал «қашушы» шеңбердің сыртында болады. Белгі бойынша бастаушы қууды бастайды. Қашушы ойыншы шеңберді айналада жүгіреді, шеңберді кесіп өтуге немесе шеңберлен қашыққа қашуға болмайды. Екі ойыншыға да шеңберде тұрған ойыншыларды ұстауға тиым салынады. Кезкелген уақытта қашушы ойыншы алда тұрған ойыншының орнына тұрып тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін айқайлап айтуы керек.

«Көңілді ойындар арқылы коммуникативті орта және ынтымақтастық»

(С) Мұғалім әрекеті: оқушыларға жұптасып оңтайлы дене жүктемесімен жаттығулар жиынтығын жасауды тапсырады.

(ЖЖ, ҚБ) Оқушы әрекеті:

№1 тапсырма: жұптасып гимнастикалық таяқшымен жаттығулар ретін жасақтайды, содан кейін орындау үшін басқа жұпқа ұсынады.

Мұғалім әрекеті: (С) қыздырыну жаттығуларын өткізу үшін оқушыларды сапқа тұрғызады

Оқушы әрекеті: оқушылар алдындағы тапсырмаға сәкес жүппен ортаға шығып гимнастикалық таяқшамен жаттығулар ретін орындап көрсетеді:

1.алға еңкею

2.оңға, солға иілу

3.аяқтарды соза отыру

4.аяқтан аяққа ауыса отыру

5.отырып-тұру

ҚБ: өзін өзі бағалау. Әр жаттығудан кейін оқушылар өздерін және жолдастарын бағалайды.

Дескрипторлар:

- жаттығу техникасының дұрыс орындалуы

- жаттығу мөлшері (рет саны)

- жұмыс жұппен орындалады

Әр жаттығу үшін үлкен, бос кеңістік

Мысалы: Адамға қарым-қатынас не үшін қажет?

Сіз қандай қарым-қатынас құралдарын білесіз?

Командалық жұмыс не үшін қажет?

Топтық жұмыстың артықшылықтары қандай?

Іс-шараның мақсаты: академиялық тілді дамыту және өткен терминологияны бекіту, оқушыларды сабаққа тарту

Гимнастикалық таяқшалар

Сабақтың ортасы

25мин

Негізгі іс-әрекеттерге көшу

Мақсаты: топта жұмыс істей білу және көшбасшылық қасиеттерін көрсету дағдыларын дамыту

Оқушы үшін мақсат: командада жұмыс істей білу және көшбасшы болу

Мұғалім үшін мақсат: күрделілігі жоғары әрекеттерді орындау кезінде оқушылар әрекеттерін үйлестіру

Мұғалім әрекеті: оқушыларға «Командалық эстафетаның» ережелерін түсіндіреді

Оқушы әрекеті: эстафетаға қатысады (С,К,Ж)

Командалар бағытты өзгерте отырып допты алып жүруден сайысқа түседі.

Орын ауыстыру – бір қапталмен немесе жүгіру арқылы.

Оқушылар сызбада көрсетілген ретпен орналасады. Баелгі бойынша А және В лектерінің ойыншылары Б және Г легінің ойыншыларына қарай бағытқа допты алып жүруді бастайды, осы лек ойыншыларына допты беріп қарсы бағыттағы лекке орналасады. Ойыншылар өз орындарына кері орналасқанға дейін допты алып жүру үздіксіз жалғасады.

Допты алып жүру нұсқалары:

1) оң (сол) қолмен;

2) дәл солай, тек жиі көзбен бақылау арқылы;

3) дәл солай, тек саймандарды немесе енжар қорғаушыны айнала.

Бағалау: мұғалімнің бақылауы

(С, Ж, ҚБ) Айналма әдісімен жаттықтыру.

Мақсаты: күшті-жылдамдық пен күштік-төзімділік қасиеттерін дамыту.

Мұғалім әрекеті: сыныпты екіге бөледі де әр командаға 4 станция жасақтауды ұсынады. Осыдан соң мұғалім бір команда станциялардағы жаттығуларды түсіндіруді ал екіншісіне тыңдауды тапсырады. Түсіндіріп болған соң мұғалім командаларға қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жаттығуды орындауға кірісуге белгі береді. Берілген тапсырмаларды орындап болған соң әр ойыншының тапсырмаға пайдаланған уақытын есептеп, барлығын қосып команданың жалпы уақытын шығарады. Бір команда орындаған кезде екінші команда ойыншыларды дескрипторларға байланысты бағалауды жүргізеді.

Оқушы әрекеті: көшбасшы оқушы өз командасының әр мүшесіне барлық оқушылар үшін бір станцияны құру міндетін қояды. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бір-бірін бағалайды.

Мысалы: мазмұны: (станция 30" х 8)

1. шаңғышы эспандерімен жұмыс

2. орындықта денені көтеріп түсіру

3. білек буын жаттықтырғышындағы жұмыс

4. «пресс-белтемір» жаттықтырғышында аяқты көтеру

5. “гиперэкстензия” жаттықтырғышында қолды бүгіп-жазу

6. веложаттықтырғышындағы жұмыс

7. іліну қалпынан тартылу

8. секіртпемен секіру немесе орындықта денені көтеріп-түсіру

Айналма әдіспен жаттығуларды аяқтағаннан соң оқушылар клесі әрекеттерді орындайды:

1. Бұлшықетті босаңсытуға арналған жаттығулар

2. Тыныс алуды қалпына келтіру.

Әрбір іс-әрекет үшін кең, бос кеңістік.

Кеглдер, фишкалар, эстафета таяқшалары, кубиктер

1. Жеке жүктеме қалыптастыру үшін үлкен мүмкіндіктер (әр жаттығуда максималды қайталауды анықтауға негізделген). Жүктің өлшемі барлық тартылған адамдарға бірдей және қатаң түрде жеке белгіленеді.

2. Сабақ қарапайым және қол жетімді жаттығулардан жасақталады, олар жаттығу орындарының күрделі жабдықтарын қажет етпейді.

3.Өзіндік жұмыс үшін жағдай жасалады.

4. Бұл әдіс дене қабілеттерін үнемі тексеруге мүмкіндік береді.

5. Жарыстық элементтің болуы оқушыларды күш-жігер мен назарды жаттығуларды орындауға жұмылдыруға мәжбүр етеді.

6. Оқушылардың қозғалыс белсенділігі едәуір артады. Сабақтың айтарлықтай моторлық тығыздығы артады.

Дескрипторлар:

- тапсырмаларды берілген уақытта реттік мөлшермен орындайды

- екпінмен орындайды

- барлық станциядан өтеді

Сабақтың соңы

5 мин

Мұғалімнің әрекеті: кері байланыс жүргізу үшін оқушылар шеңберге жиналады.

«Сабақтың қорытындысы»

Мақсаты: жеке талдау дағдыларын қалыптастыру.

Сипаттама: сабақ тақырыбы бойынша мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеті.

Мұғалім рефлексия жүргізеді және сонымен бірге оқушылардың жауаптарын талдайды.

Сабақтағы рефлексия: «Кемпірқосақ» арқылы жүзеге асырылады.

Оқушы әрекеті: сұрақтарға жауап береді, сабақтағы әрекеттерін талдайды.

Сапқа тұрғызу кезінде оқушылардың жағдайларына назар аударыңыз.

Мақсаты: оқушылар өз жағдайларын, эмоцияларын, қызметінің нәтижелерін өз бетінше бағалайды

Әр оқушы өзін «кемпірқосақта» белгілейді және жұмысын кемпірқосақтағы жазулармен байланыстырады. Мұндай рефлексия ауызша орындалуы мүмкін.

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды.

Дене дайындығы жоғары оқушылар үшін жаттығуларды қайталау мөлшері екі есеге талап етіледі.

Дене дайындығында қолдауды қажет ететін оқушылар үшін жеке сөйлесу мен арнайы кеңестер беріледі.

АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді, жүргізуші, төреші рөлінде болады.

Бағалауды сабақ барысында мұғалім келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырады:

  • бақылау

- оқушы белсенділігі

- білім мен қозғалыс дағдысын көрсету

  • бағалау критериилеріне қол жеткізу

- дескрипторлар

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.