Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: Атырау қаласындағы НЗМ | |||||||||||
Қысқа мерзімді жоспар: Бөлім 6 – Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта | Сабақ тақырыбы: Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар | ||||||||||
Күні: 07.04.2020 | Мұғалім: Балгожиев А.Ф. | ||||||||||
Сынып: 11 а | Қатысатындар саны | Сабақта жоқ: | |||||||||
Сабақ мақсаттары | 11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.4 Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану 2.2 Көшбасшылық, сондай-ақ команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану | ||||||||||
Жетістік критерийі | Күшке бағытталған жаттығулар жиынтығын көрсетеді Топпен жұмыс және көшбасшылық қабілеттерін көрсетеді | ||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар:
Бұның ішінде :
Ракетка | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл бөлімде оқушылар дәстүрлі қазақ ойындарындағы бірқатар стратегиялар мен тактикаларды оқып, жетілдіреді, сондай-ақ дәстүрлі қазақ ойындарының ережелерін, тактикаларын зерделейді. Оқушыларға әр түрлі рөлдерді кезек-кезен орындап, ойынды таңдау ұсынылады. Оқушылар адал ойын үлгілері мен бірлескен жұмыс дағдыларын талдайды және бағалайды. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ойын кезінде физикалық есептеуілерді қолдану | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарын пайдалану. | ||||||||||
Бастапқы білім | Осы бөлім шытырман, қызықты ойындарға қатысу және командалық білім алу дағдыларын бекітеді. Сөйлесу және бірге жұмыс істеу арқылы коммуникативтік орта түсінігін кеңейтеді. Оқушылардың өзіне сенімділігін және біліктілігін жетілдіру шытырман ойын түрлерімен жүргізіледі. Қатерлерді басқару мен қауіпсіздіктің маңыздылығы бөлім бойы назарда болады. Оқушылар бірге және командада жұмыс істеу дағдыларын даыту үшін шытырман және қызықты ойындар жасайды. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жүрек қағысын(пульсін) тексеру. Сабақтың мақсатын түсіндіру .Оқушыларды суреттер құрастыру арқылы топтарға бөлу. Әр топ өз беттерінше жалпы дене жаттығуын жасайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.Мұғалімге ысқырық | |||||||||
Сабақтың ортасы
25 мин | Негізгі іс-әрекеттерге көшу Мақсаты: топта жұмыс істей білу және көшбасшылық қасиеттерін көрсету дағдыларын дамыту Оқушы үшін мақсат: командада жұмыс істей білу және көшбасшы болу Мұғалім үшін мақсат: күрделілігі жоғары әрекеттерді орындау кезінде оқушылар әрекеттерін үйлестіру Мұғалім әрекеті: белсенді шытырман-әрекеттерді өткізу ережелерін түсіндіреді Оқушы әрекеті: ойындық тапсырмаларды орындайы (С,К,Ж) 1 – тапсырма. Суретте көрсетілгендей жардан 5 м. арақашықтықта сөре болып табылатын доға тәріздес сызық белгіленеді. Ол сызықтың артында залдың ортасынан оң және сол жағында 5-6 ойыншыдан жасақталған екі команда орналасады. Жүгіруге қатысатын ойыншылар доғаның артына 1,5-2 м. арақашықтық сақтап бірінің артына бірі тұрады. Баскетбол қалқандарының астында – А1 және А2 болып белгіленген 2 оқушы тұрады, доп А1 ойыншының қолында болады. Мұғалімнің белгісі бойынша А1 ойыншы А2 ойыншысына допты жермен домалатып береді. Екі команданың ойыншылары да доптың артынан жүгіріп, бірінші болып өз командасына беруге тырысады. Ойын барысында көп ұпай жинай алған команда жеңіске жетеді. Дескрипторлар: - допқа жету үшін жылдам арттырып жүгіреді - допқа бірінші болып жетеді 2 – тапсырма. «Белсенділер» және «писсемисттер» болып сынып екі командаға бөлінеді де, араласып бірінен соң бірі лекке мұғалімге қарсы қарап тұрады. А және В сызықтарында командаларыдың оң және сол жандарында, команда мүшелерінің санынан екі есе аз болатын әртүрлі саймандар қойылады (кубиктер, доптар, кеглдер). Алдын-ала келісілген белгі бойынша ойыншылар қажетті сызыққа жүгіріп барып бірінші болып саймандарға иелік етуге тырысады, сол арқылы командасына бір ұпай қанжығалайды. Көп ұпайға иелік еткен команда жеңіске жетеді. Дескрипторлар: - командаға кемінде бір ұпай алып келеді - көшбасшылық танытады - командада ынтымақтаса әрекеттеседі | Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық Алаңды бөлу үшін теннис сеткалары немесе отырғыштар/конустар. Әр оқушыға теннис добы мен ракетка беру. Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық Алаңды бөлу үшін теннис сеткалары немесе отырғыштар/конустар | |||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Құрал-жабдықтарды тиісті орындарына қою. Бүгінгі өтілген сабаққа рефлексия жазу. Көкіректі кере демді реттеу. | Үлкен, таза алаң. | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
|
Топтық композиция мен талқылау сапасы |
| |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру