Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 4 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
3 сынып
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы
қозғалыс әрекеттеріОқу мақсаттары:
3.3.2.2. Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босансыту
маңызын түсіндіру
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Қозғалмалы ойындардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі.
Қарқынмен ұшыуды және жерге
түсуді біледі.
Қосаяқпен секірген мезгілде серпілу үйлесімділігін біледі.
Секіру сәті
Серпілу (жерден көтерілу)
Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек.
Самғау (ұшу немес қалықтау)
Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.
Жерге түсу
Тапсырма
«Қоян, күзетші және күшік»
Алаңның ортасында оқушылар қысқа секіртпе жіпті «дуал» 40-60 см биіктікте ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісімен «қояндар» (әр «іннен» бір-бірден, секіртпе жіптен жоғары немесе төмен) жүгіріп шығып, «дуалдан» секіріп түсіп «бақшаға» түседі. «Күзетші» шығып, алақанын соғады. «Қояндар» қашып шығып, «дуалдың» астынан өрмелеп немесе үстінен секіріп өтіп «індеріне» жүгіреді. «Күшік» қашқандарды қуып, ұстауға тырысады. «Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болып табылады. «Күшікке» бірде-бір рет ұстатпағандар жеңіске жетеді. Әрбір жүгіру кезінде «күзетші» мен «күшік» орындарын ауыстырады.
Осы ойынды өткізу барысында ойын ережесінің орындалуы мен тәртіптің сақталуын қадағалаңыз. «Дуалда» тұрған оқушылар ауысады. Ол жерге «күшік» ұстап алғандарды қоюға болады. Физикалық қызметтің басталуына дейін осы ойын сіздің ағзаңыздың жаттығуына қалай әсер етті? Бұл ойында кім белсенді болмады? Осы ойынды секіру сабақтарындағы жаттығу мен ширатуда қолдануға болады ма?
Дескриптор:
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.