Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 6 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
3 сынып
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы
қозғалыс әрекеттеріОқу мақсаттары:
3.3.3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру
3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Қозғалмалы ойындардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі.
Жылдамдықты біртіндеп
арттыруды түсінеді.
Жүгіру кезіндегі сөрелік
қалыпты біледі.
Тапсырма
«Дақ түсіру» ойыны Оқушылар жан-жаққа тарайды, жүргізуші «дақ түсіруші» дақ түсіргісі келген ойыншының атын дауыстап атайды да, қуып жетуге тырысады. Қалғандары бір орында тұрмай алаңның ішінде қозғалады. «Дақтаушы» қуып бара жатқан кезде басқа ойыншыны көрсе, сол ойыншының атын атап, ол ойыншыны қуып дақтауға болады. «Дақталған» ойыншы ойыннан шығады. «Дақтаушы» алдымен ойыншының атын атайды, содан кейін оны қуып «дақтайды». «Дақтаушы» ойын кезінде жағдайға байланысты өзінің шешімін бірнеше рет өзгерте алады (оқушының жаңа атын айта алады). Ойынның келесі түрлері ретінде: екі «дақтаушы» немесе жүргізушу тигізген ойыншы «дақтаушы» болады.
Дескриптор:
«Бос орын». Оқушылар (арасындағы ара қашықтығы бір адым) шеңбер жасап тұрады да жүргізушіні таңдайды. Ойын бастағанда ол ойыншылардың жанынан жүгіріп өтіп «дақтайды» да шеңбер бойымен ары қарай жүгіреді. «Дақталған» ойыншы жүргізушіге қарама-қарсы бағытта тез жүгіреді. Олардың қайсысы шеңбердегі бос орынға бірінші жетсе, сол жерде тұрады. Ал үлгермегені жүргізуші болады. Сыныптардың санына байланысты, ойынды бірнеше топта өткізуге болады. Ойыншылар шеңбердің ішіне кірмей, сыртында ғана жүгіруі керек.
«Бос орын»
Дескриптор:
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.