Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 5 сабақ.


1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар

Оқу мақсаттары

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді

 

3.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру

Бағалау критерийлері

Дене жаттығуларын орындағанда физикалық өзгерістерді анықтайды, бақылау стратегияларын көрсетеді және маңызын түсінеді.

дене жаттығуларымен айналысқанда физикалық өзгерістерді анықтайды;

жаттығуларды орындау барысында бақылау стратегияларын түсінеді.

Сабақ мақсаттары

Тақырып көлеміндегі әрекеттер

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы мәселелер нақтыланады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, қозғалыста ЖДЖ-ын орындайды). Қыздырыну жаттығуларының орнына қимыл-қозғалыс ойынын ойнатуға болады. Мысалы: «Үйшіксіз қоян» Мұғалім ережесін түсіндіріп, ойнатады.

Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету әрекеттерден хабардар ету.

Сипаттама: Оқушылар шағын топтарда, жұпта ақылдаса отырып дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын ойластырып орындауға тырысады. Тапсырманы орындау барысында түрлі жаттығуларды, секіру жаттығуларын, физикалық өзгерістерді, бақылау стратегияларын, негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.

Оқушы әрекеті:

Оқушылар жұптарға жасақталады. Өткен сабақтағы дағдыларды жетілдіру үшін күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады:

- қыздырыну жаттығуларын орындайды;

- серіктесімен дене жаттығуларын орындайды;

- аяқ-қол жаттығуларын күрделендірілген түрін орындайды;

- жалпы дамыту жаттығуларын тыянақты орындап көрсетеді.

Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындауды сынамалау:

- залдың бір бөлігінде әр жұп жұбымен жаттығу түрлерін орындайды;

- жұптар жаттығуларды нақтылап көрсетеді.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- секіктесімен жаттығуды өңдейді;

- қозғалыста серіктесіне нақты қимыл көрсетеді;

- түрлі іс-әрекеттерде жаттығуларды нақтылайды.

Қимыл-қозғалыс ойын түрлері

«Үйшіксіз қоян» қимыл-қозғалыс ойынын балама түрін ойнату.

Ойын ережесі: Оқушылар ұл, қыз болып жұпасып, шеңбер бойынан тұрады. Екі оқушы шеңберді айналып бірін-бірі қуады. Шаршаған ойыншы шеңбер бойында тұрған жұптардың алдына тұрса, артындағы үшінші оқушы қашады немесе қуады. Ойын осылай жалғасады.

Бағалау: Оқушыларды сырттан бақылап, бағалау.

Қимыл-қозғалыс ойындарың мәні

Қимылды ойындар - жасөспірімдердің дене мэдениетін жетілдіретін жэне оларды үлкен адамгершілікке, шындыққа баулитын құрал болып табылады. Қимылды ойындар - шартты мақсаттарды орындауға бағытталган саналы әрекет. Бұл мақсатты оқушылар өз еркімен алдарына қояды. Ал, оны орындау үшін ойын ережесі бойынша ойыншылар шығармашылық қимылды іс - әрекет жасайды. Қимылды ойындар, дене тәрбиесі сабақтарынан басқа көптеген сынып жэне сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарда да кеңінен пайдаланады. Ойынның ережелері оқушыларды сапалы тэртіпті, адалдықты, үстамдылықты тәрбиелеуге игі ықпалын тигізеді, өзінің жекелік ұмтылыстарын тежеуге үйретеді. Сонымен қатар, ойын үстінде көптеген мәселелер кездеседі. Оларды шешуде балалардың ойлану үрдісі өріс ала бастайды. Оның ерік - жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке бағынышты келуі - құрбыларымен достық қарым - қатынасын нығайтуға септігін мол тигізеді.

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Икемділік, емтілік дағдылардың пайда болуы;

Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;

Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу.

Сабақбарысында бағалау әдістері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.