Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 5 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар

3 сынып

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы

қозғалыс әрекеттері

Оқу мақсаттары:

3.3.3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

Қозғалмалы ойындардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі.

Алысқа секіруді біледі.

Қосаяқпен секірген мезгілде серпілу үйлесімділігін біледі.

Секіру сәті

Серпілу (жерден көтерілу)

Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен  секіруші тік қалыпқа келуі керек.

Самғау (ұшу немес қалықтау)

Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген  жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.

Жерге түсу

Тапсырма

«Қосаяқтар» қозғалмалы ойыны

Ойыншылардың ең аз саны – екі адам. Бормен жерге «сөрені» сызу керек. Барлық оқушылар жұппен бөлініп тұрады. Бірінші жұп «сөреге» шығады. Бірінші ойыншы барынша алысқа секіреді. Оның секірген ұзындығын бормен белгілейді. Екінші ойыншы қарама-қарсы бағытта секіреді. Секіруді бірінші оқушы секіріп жеткен жерден орындайды. Ол жай ғана «сөрелік» сызыққа дейін секіріп қоймай, бірнеше сантиметрге алысырақ секіруге тырысуы керек. Егер екінші ойыншы осыны орындай алса, осы жұптың жеңімпазы болып есептеледі. Ал егер орындай алмасабірінші ойыншы жеңімпаз болады. Одан кейінгі жұптар бірінші және келесі этаптардың жеңімпаздарынан құралады. Ең соңында екі епті «қосаяқтар» қалып, «қосаяқтар» олипиадалық ойындарының абсолютті чемпионы атағына кім лайықты екенін анықтайды!

Дескриптор:

Қосаяқтар» қозғалмалы ойыны

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Сабақты қорытындылау.

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.