Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Гиподинамия (грек, hypo - төмен, астында, қалыптан төмен; dynamis — күш) — қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адам мен жануарлар организмдері тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым, тыныс алу, ас қорыту және т.б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі.
Гиподинамияның пайда болу себептері
— Кәсiби ерекшелiктерге байланысты бұлшық ет жұмысын шектеу;
— Рационалды емес күн тәртiбi;
— Ұзақ уақыт бойы организмнің дұрыс функционалдық жұмысын орындамауына байланысты (жарақат, ауру) төсек режимі.
Негізгі белгілері (симптом)
— Әлсіреу;
— Жүрек соғысының және пульстің тез соғуы;
— Қан қысымының жоғары болуы;
— Қажығыштығу, тiптi ептеген жүктемелерде;
— Эмоционалдық тұрақсыздық, күйгелектік.
Ағзаға әсері
— Тонустың және бұлшық еттердiң күш беретiн көрсеткiшiнiң төмендетуi;
— Сүйек ұлпасынның құрамында және минералды зат алмасуды кальцидiң мөлшер деңгейінiң төмендеуi;
— Май iркiлген кейiнге қалдыруларын жоғарылату және артық салмақтың пайда болуы;
— Капилляр жүйесiнiң жұмысын бұзады, яғни жұмыс iстейтiн капиллярларды саны, күре тамыр және тамыр бөлiмшелерi қысқарады.
Соңғы кездері адам өзінің еңбек және тұрмыс қажетіне бұлшық ет жұмысын аз пайдаланады. Сондықтан организм тіршілігінде гиподинамия, яғни денеге аз күш салу және гипокинезия, яғни аз қозғалу жиі кездесетін болды.
Гиподинамия мен гипокинезия адам организміне бірте-бірте қауіпті жағдай тудырады. Сондықтан оның тигізетін әсерін әрқайсымыздың білгеніміз жөн. Гиподинамия созылмалы және жіті деп бөлінеді. Сондай-ақ бүкіл организмнің қозғалыс әрекетінің жаппай ішектелуін жалпы гиподинамия, ал жеке бұлшық ет қимылының шектелуін жергілікті гиподинамия деп ажыратады.
Созылмалы гиподинамияда еңбек пен тұрмысқа байланысты күнделікті қимыл-қозғалыс белсенділігі төмендейді. Бұл .көбінесе аз қимылдайтын, отырып жұмыс істейтін кісілерде байқалады. Олардың организмінде мүшелер мен жүйелердің әрекеттік белсенділігі әлсіреп, реттеуші механизмдер нашарлайды. Сондықтан организмнің әр түрлі әсерлерге шыдамдылығы азаяды.
Қозғалыс белсенділігі көп жылдар бойы шектелсе, бұлшық ет талшықтарының атрофиясы туады, яғни олар семеді. Ет талшықтары жіңішкеріп, гликоген мен энергия қоры азаяды, маймен қатпарланады. Қозғалыс әрекетінің күші мен төзімділігі кемиді, қимыл-үйлесім төмендейді, еттер тонусы әлсірейді. Осының салдарынан тұлғаның қалпы өзгеріп, ауырсыну синдромы пайда болады.
Гиподинамия зат алмасудың төмендеуіне жол ашады. Энергия шығыны азайып, тотығу реакциясының қарқыны мен ферменттердің белсенділігі нашарлайды, газ алмасу өзгеріске ұшырайды.
Адамдарда бұл жағдайда жүректің соғу күші әлсіреп, минуттық көлемі азаяды. Сондықтан жүректің өз көлемі кішірейіп, миокардта деструкциялық өзгерістер байқалалы. Қан тамырлары жүйесінде өзгерістер бола бастайды. Артерия тамырларының тонусы әлсіреп, қан қысымы төмендейді. Капиллярларда қан іркіліп қалады, сондықтан олардың қабырғасының су және электролиттік өткізгіштігі өзгереді. Осының салдарынан дененің кез келген жерінде су іркіліп, ісіктер пайда болады. Бұлшық еттер жиырылмағандықтан, лимфа ағысы тоқтап, тіндерге су жиналады.
Жүректін оң жақ жүрекшесінің жұмысы кемігендіктен, қуысты көктамырларда қысым артып, бауырға қан жиналып қалады. Ол бауырдағы зат алмасуды тежейді. Осыдан келіп, қан қысымының жоғарылауы ішектегі заттардың сіңірілуін, сөл бөлу қарқынын төмендетеді, сөйтіп ас қорыту әрекеті бұзылады.
Гиподинамия дененің қозғалысы мен вегетативті әрекеттердің өзара байланысына нұқсан келтіреді. Вегетативті өзгерістерге кезіккен жүйкенің орталық тонусы холинергиялық әсерленістің әлсіреуі және симпатикалық жүйке ықпалының күшеюі себепкер болады.
Жергілікті гиподинамия әрбір бұлшық ет топтарының қозғалыс белсенділігі тыйылғанда, яғни дене мүшелерін гипстегенде, жүйке талшықтары зақымданғанда және т.б. пайда болады. Мұндайда еттің семуі, яғни атрофиясы басталып, зат алмасу өзгеріске ұшырайды, оның қозғыштық қасиеті, гуморальдық затқа сезімталдығы күшейеді.
Сымбат – қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі.
Бұзылу сатысы: Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.
Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден — омыртқаның бүгіліп - жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Сколиоз - омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады).
Лордоз - омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады.
Бүкірлік, кифоз — омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы
Пайда болу себебі
Дұрыс отырмаудан, жүруден
Ішкі мүшелердің ауруынан
Салмақты бір жаққа түсіруден
Үнемі жұмақ төсекке жатудан
Қозғалыстың аз болуына
Алдын алу Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану Емдік массаждар қабылдау Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу Түзу жүру Иықтың бір деңгейде болуы Тазалықты сақтау Дұрыс тамақтану Шынығу Көңілді жүру Сәнді киіну
Жалпақтабандылық- адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.
Бұзылу сатысы 1, 2, 3 дәрежелі жалпақтабандылық.
Пайда болу себебі Үнемі биік өкшелі аяқ - киім кию Тар аяқ - киім кию Аз қозғалыс Артық салмақ
Алдын алу Аяқ - киімді таңдап кию. Жалаң аяқ жүру. Арнайы массаждар қабылдау. Шынығу.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Биология кабинетінде жеке басының қауіпсіздігін сақтай білу ескертіледі.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылардың топтық жұмыс барысында ақпаратты талқылауларына назар аударылады.
Әр оқушының қажетті ақпаратты жазып алуы, түсінуіне көңіл бөлу қажет.
Рөлдік ойын кезінде оқушылардың нақты дәлелдемелерді қолданулары, академиялық тілде түсіндірмелер берулеріне назар аударылады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Топтық жұмыс кезіндегі талқылаулары, сұрақтарға жауап берулері, ауызша жазбаша түсіндіре білулері маңызды. Оқушылар гиподинамия, сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері мен белгілері, салдары мен алдын алу жолдарын сипаттай алуы тиіс.
- Саралау тапсырмалары
- 3-қосымшада ұсынылды.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
1-тапсырма.
а)лордоз
в)-кифоз
с)-жалпақ арқа
d)-дөңес арқа
e)-сколиоз
f)-қалыпты сымбат
2-тапсырма.
А-сколиоз:
Дұрыс отырмау
Ішкі мүшелердің ауруы
Салмақты бір жаққа түсіру
Үнемі жұмақ төсекке жату
Қозғалыстың аз болуы
Б-жалпақтабандылық: Үнемі биік өкшелі аяқ - киім кию. Тар аяқ - киім кию. Аз қозғалыс. Артық салмақтың болуы.
- Сілтемелер мен ресурстар
Фитнес дегеніміз не?
https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-fitness
Семіздік денсаулыққа қалай әсер етеді?
https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/healthy-living-fitness/533
Физикалық жаттығу жасағанда ағзада қандай өзгерістер болады?
https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/healthy-living-fitness/527
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.