Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы. (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.6.7 гиподинамия салдарын атау 8.1.6.8 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылық және гиподинамияның себептері мен салдарын, алдын алу жолдарын нақты деректер мен тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша түрде сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Сымбат, дененің қалпы, кифоз, лордоз,сымбаттың бұзылуы, жапақтабандылық, сколиоз, бүкірлік, дөңес арқа, жалпақ арқа, ортопедиялық /ыңғайлы аяқ киім. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Сымбаттың бұзылуына….салдары әкелуі мүмкін. Омыртқаны ... сызық бойымен ұстау керек. Матрас...болуы тиіс. Дұрыс емес сымбаттылық...алып келеді. Омыртқа жотасын тік линияда ұстау керек. Адамның иығы...болмауы тиіс. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Дене қозғалысының маңыздылығы, жаттығулар жасау туралы қарастыру арқылы дене шынықтыру пәнімен байланыс орнатылады. | |||||
Алдыңғы білім | «Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің рөлін біледі. 7- сыныпта «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалысқа қатысатын мүшелерін және қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын, тірек-қимыл жүйесінің қызметін және қанқа бұлшықеттерінің орналасуын біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-5 мин | «Гиподинамия» ұғымына ассоциация құру тапсырмасы арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылармен бірге сымбаттың бұзылуының қандай түрлері болатынына тоқталып талқылау жүргізу қажет. Оқушылар сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
6-20 мин | Жоспары: 1. Анықтау жолдары 2. Бұзылу белгілері 3. Пайда болу себептері 4. Алдын алу жолдары
Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерін пайдаланып өз білімдерін тереңдете алады. Оқушылар топпен өз жұмыстарын қорғап өзара бағалайды. Оқушылар жасаған жұмыстарын сыныпта таныстырады. Мұғалім тиісті кері байланысты ұсынады. | 1 - қосымша 3-15 слайдтар | ||||
21-27 | «Сұрақ бізден, жауап сізден» 1. Омыртқа жотасы неге қисаяды? 2. Омыртқа жотасының қисаюынан қандай аурулар туындайды? 3. Жалпақтабандылық неден пайда болады? 4. Сымбатты болу үшін не істейміз? 5. Сымбаттың бұзылуына тағы қандай жағдайлар әсер етеді? 6. Оқушы шелекті үнемі оң қолымен көтеріп су тасиды. Оның салдары қандай болуы мүмкін? Ойыңызды дәлелдеңіз. 7. Адамның жүрісі дене сымбатымен де байланысты деген дұрыс па? Ойыңызды дәлелдеңіз. 8. Үнемі биік өкшелі аяқ киім киюдің салдары қандай болуы мүмкін деп ойлайсыз? | |||||
28-36 мин | Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау тапсырылады. | 2- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс ...өте жақсы түсіндім ...түсіндім. ...қайталуым қажет | 16 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Ресурстар мен орындалатын тапсырмалардың түрлері бойынша Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерін пайдаланып өз білімдерін тереңдете алады. | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың талқылау кезіндегі ауызша жауаптары арқылы Ақпаратпен танысып, оны түсінгенін басқа формада (постер, кластер, комикс кітапшасы т.б.) түрде көрсете білуі бойынша Сұрақтарға жауап берулері арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.