Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестрім түрлері. Гипергеометриялық үлестірім. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі. 10.4В Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары
Оқу мақсаттары.
10.3.2.16 Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлерін тану: биномдық үлестірім, геометриялық үлестірім , гипергеометриялық үлестірім.
Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді :
- биномдық үлестірімнің мәнін түсінеді, есептер шығаруда қолданады.
- геометриялық үлестірім мәнін түсінеді, есептер шығаруда қолданады;
- гипергеометриялық үлестірім мәнін түсінеді, есептер шығаруда қолданады;
№1.Темір-бетонды заводта жасалған темір тақтайшалардың 90 пайызы жоғары сапалы. 4 тақтайша кездейсоқ алынды. Х кездейсоқ шамасы 4 -уінің ішінен алынған жоғары сапалы тақтайшалар саны үшін үлестірім заңын жазыңыз.
№2. 6 студеттен тұратын топта екі студент оқу озаты.Кездейсоқ екі студент таңдалынып алынды. Х кездейсоқ шамасы таңдалынып алынған студенттер саны үшін үлестірім заңын жазыңыз.
№3. Жақсы қалыптасқан технологиялық процесте стандартты емес бұйымдар өндірілу ықтималдығы тұрақты және 0,1-қа тең. Дайындалған бұйымдардың сапасын тексеру үшін техникалық бақылау бөлімі әр партиядан 4 –тен артық емес бұйымдар кездейсоқ алады.Стандартты емес бұйым анықталысымен бүкіл партия цехқа қайтарылады.Әр партияда тексерілетін бұйымдар саны үшін үлестірім заңын жазыңыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.