Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестрім түрлері. Геометриялық үлестірім. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал.
Геометриялық үлестірім.
№4. Атқыш нысанаға дәл тигізгенге дейін 4 рет оқ атып үлгереді. Бір рет атқанда дәл тию ықтималдығы 0,7. Нысанаға тимеу саны үшін үлестірім заңын жазыңыз. Осы кездейсоқ оқиғаның дисперсиясын есептеңіз.
№5. Баскетболшы себетке дәл түсіргенше доп лақтырды. Себетке түсіру ықтималдығы 0,6. Лақтыру санының математикалық күтімін, дисперсиясын есептеңіз.
№6. Әуесқой аңшы қозғалмайтын нысанаға оқ тигенге дейін атты. Бір рет атқанда нысанаға тию ықтималдығы тұрақты және 0,65 –ке тең. Осы кездейсоқ шаманың математикалық күтімін, дисперсия және орташа квадраттық аутқуды есептеңіз.
№7. 5 құрылғының беріктігі сыналды. Сынақ жарамсыз құрылғы анықталғанға дейін жүргізіледі. Әр құрылғының сынақтан сәтті өтуі 0,75. Х кездейсоқ шамасы - тексерілген құрылғылар саны үшін үлестірім заңын жазыңыз. Есептеңіз: М(Х), D(X).
№8.Ойын сүйегі 6 цифры түскенше тасталды. Х кездейсоқ шама ойын сүйегінің тасталуы санына тең. Үлестірімділік заңын жазыңыз. 5- ші рет тастағанда 6 цифрын түсу ықтималдығын есептеңіз.
№9.Зеңбірек нысанаға бір рет тигізгенше атады. Нысанаға тию ықтималдығы 0,6. Нысанаға тию оқиғасы 3-ші рет атқанда орын алу ықтималдығын табыңыз.
Үй тапсырмасы
Автомобиль жүру жолында 6 бағдаршам бар. Және олардың әрқайсысының жүруге рұқсат беруі мен тыйым салу ықтималдықтары 0,5-ке тең. Х кездейсоқ шамасы автомобильдің алғашқы тоқтағанға дейінгі тоқтамай өткен бағдаршамдар санына тең.
а)Х-тің үлестірім заңын жазыңыз;
б) Есептеңіз: М(Х), D(X).
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.