Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

 Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 9.2.2.4 Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу;
Сабақтың мақсаты: Сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешеді.

«Тинга – танга». Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім үздіксіз «Тинга-танга» деп айтып тұрады, ал оқушылар бір-біріне кубикті кезекпен беру керек. Мұғалім үндемей қалған кезде қолында кубик қалған оқушы өткен тақырып бойынша мұғалімнің сұрағына жауап береді. Осылай жалғаса береді.
графиктік теңдеуі дегеніміз не?
графиктік теңсіздігі дегеніміз не?
қисық сызығы қалай аталады?
шектелген түзу сызықтың ауданын салғанда түзудің өзі шешіміне кіре ме? Жауабын түсіндіріңіз.
графиктік теңсіздігі дегеніміз не ?
теңдеуі координаталар басы арқылы өте ме?

Екі конвейердің бірінде тот баспайтын құрыштан кәстрөлдерді шығарады, ал басқасында – мыстан жасап шығарады. Егер екі конвейердің әрқайсысы толық қуаттылықпен жұмыс жасаса, онда күн сайын 300 кәстрөлден артық шығарылмайды. Өйткені тот баспайтын құрыштан жасалған кәстрөлдердің қажеттілігі көбірек, оларды күн сайын мыстан жасалған кәстрөлдерге қарағанда көбірек шығарады. Бірақ 150 данадан кем емес.

Мәселенің математикалық моделі қандай болады?
Есепті қандай тәсілмен шешуге болады?
Тақырыптың тұжырымы.
Сабақтың мақсатын айту және оқушылардың өздігінен сабақтың критерийлерін анықтауы.
Сабақтың ортасы
Проблемалық сұрақты түсіндіру арқылы бірлесіп шешу.
Күн сайын шығарылатын кәстрөлдердің санын көрсететін теңсіздіктер жүйесін жазыңыз және кестеге түсіріңіз.
Шешуі.
1) Тот баспайтын құрыштан жасалған кәстрөлдер санын - х деп; ал мыстан жасалған кәстрөлдердің санын - у деп алайық. Есептің шартына сәйкес, келесі теңсіздік жүйесін жазуға болады.

2) теңсіздігінің шешуін түзуі және осы түзу сызықтан төмен орналасқан жарты жазықтық бөлігі көрсетеді. теңсіздігінің шешуін түзуі және осы түзу сызықтан төмен орналасқан жарты жазықтық бөлігі көрсетеді.
3) Екі түспен боялған және шекаралық түзулерді қоса алғанда сәйкес екі теңсіздік шешімін камтитын жазықтық бөлігі жүйесінің шешуі болып табылады.

Бұл есеп сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешуі болып табылады. Сабақта сызықтық емес теңсіздіктер жүйесімен жұмысты жалғастырамыз.
Сұрақтар:
Қандай теңсіздіктер сызықты деп аталады?
Қандай теңсіздіктер сызықтық емес деп аталады?
Графиктік теңсіздікті қалай шешуге болады?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру