Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру 3-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру 3-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру 3-сабақ (А-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар бөлшек бөлімін иррационалдықтан босату үшін квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіреді.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарды талқылау.
Бұрын оқыған материалды қайталау


Өткен тақырыпты қайталау үшін тапсырмалары бар карточкаларды дайындау. Карточкаларды үстелдің үстіне орналастырыңыз. Олардың саны сыныптағы оқушылардың санынан кем болмауы керек. Әрбір оқушы белгілі бір карточканы таңдайды. Тапсырманы орындағаннан кейін, ол оның шешу жолын айтып, өзінің атын тақтадағы тапсырманың санының астына жазады. Есепті шығарған кейінгі оқушылар шешімді мұғалімге емес, соңғы тиісті нөмерде тұрған оқушыға тапсырады.

Жаңа материалды меңгеру
Оқушыларға «Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату» тапсырмалары беріледі. Мұғалім оқушылардың есеп шешім табу үшін әртүрлі идеяларды айтуды ұйымдастырады. Оқушыларда ережелердің өзгеріссіз болатынын, және оның бөлшектің негізгі қасиетін қолдануға негізделгені туралы түсініктер қалыптасады.

Дағдыларды бекіту
Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босатуға қатысты тапсырмаларды шешуді өзбеттерінше орындайды. Кейіннен оқушыларға орындалған жұмыстың дескрипторлары беріледі. Қабілеттері жоғары оқушыларға күрделі деңгейдегі қосымша тапсырмалар беріледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру