«Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру;
8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату;
8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;
8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау;
8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;
8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;
8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;
8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру;
8.4.1.1 y=√x функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;
8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Иррационал және рационал сандарды анықтау;
Нақты сандарды салыстыру;
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
y=√x функциясының қасиеттерін есеп шығаруда қолдану;

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Оқушылар мұғаліммен бірге бөлімнің негізгі теория бойынша сұрақтарды қайталайды:
Қандай сандар нақты сандарға жатады?
Қандай сандар рационал деп аталады? Иррационал ше?
Квадрат түбір деп не аталады? Арифметикалық квадрат түбір ше?
y=√x функциясының негізгі қасиеттерін атаңыз.
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін атаңыз.
Квадрат түбірі бар өрнектерге қандай түрлендірулер жүргізіледі?
Практикалық жұмыс.
Мұғалім оқушыларға y=√x функциясының графигін салу дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды ұсынады.
Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар слайдтағы дайын жауаптар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізеді.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Оқушыларға нұсқа бойынша тапсырмалар ұсынылады, бірінші нұсқа – жеңіл, екінші – орта, үшінші – күрделі. Оқушылар өздері қиындық деңгейін таңдайды, тапсырмаларды өз беттерімен орындайды. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, сұрақ қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалайды, кері байланыс береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру