Жергілікті жердің жоспарын құрастыру (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

 Жергілікті жердің жоспарын құрастыру (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Жергілікті жердің жоспарын құрастыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.5.3 тәсілдердің бірі бойынша жергілікті жердің түсірілімін (көз мөлшермен, полярлық, бағдарлық) жүзеге асырады
5.2.5.4 ресімдеу қағидаларына сәйкес жергілікті жердің қарапайым жоспарларын құрастырады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• жергілікті жер жоспарларына түсінік бере отырып көрсетуді ауызша жүзеге асыра алады;
• топографиялық диктантты жазбаша орындай алады;

сәлемдесу
түгелдеу
ынтымақтастық атмосферасын құру
(Т) Оқушылар жергілікті жерді түсіру тәсілдерімен танысады: көз мөлшермен, полярлық, бағдарлық.

(М) Мұғалім оқушыларды жергілікті жерді түсіру тәсілдері туралы мәтінмен қамтамасыз етеді.

(С) Оқушылар бейнеролик арқылы жергілікті жерді түсіру тәсілдерімен танысады.

(М) Мұғалім мектеп аумағының сызбасында әрбір топ үшін солардың таңдауына сәйкес телімдерді анықтайды.

(Т) Оқушылар түсірудің әрбір түрі үшін қажетті ресурстардың тізілімін анықтайды және қолда бар мүмкіндіктерді талдау негізінде ең қолайлы түрін таңдайды.

(М) Мұғалім қолда бар ресурстарды растайды.

Оқушылар сыныпта жергілікті жерді түсіру үшін ресурстармен жұмыс істеудің жекелеген тәсілдерін меңгереді.
Видео көрсетіледі.

(Т) Оқушылар түсіру үшін мектептің белгілі бір аумағының бөлігін таңдайды.

(М) Мұғалім топтарға әдістемелік қолдауды көрсетеді, оларды түсіру және деректерді тіркеу барысында түзетеді.

(Т) Әрбір топ мектеп аумағындағы өзінің бөлігін түсіруді жүзеге асырады, деректерді тіркейді.

(М) Мұғалім жергілікті жерді түсірудегі жұмыстың кейбір тәсілдерін көрсетеді.

Дала жұмыстарынан соң, әрбір топ сыныпта жергілікті жердің жоспарын құрады, оларды жоспарларға қойылатын талаптарға сәйкес ресімдейді және сыныпты өз жұмысының нәтижелерімен таныстырады.

Бөлім бойынша білімді топографиялық диктанттардың сериясы арқылы бекітуге болады.

(М) Мұғалім оқушыларға жергілікті жер жоспары бойынша бағдарлау тәсілдерін түсіндіретін мәтіндік, графикалық немесе бейне материалдарын ұсынады.

Мұғалім кері байланыс нысанында бағыт береді, қажет болғанда-оқушыларды түзетеді.

Оқушылар бүкіл сыныпқа немесе жекелеген топтар үшін топографиялық диктантты өздері әзірлей алады. Мұғалім оларды оқыған соң, оқушылармен диктантты өткізуге рұқсат бере алады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру