Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

 Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу
Сабақ мақсаттары: • экожүйелердің ерекшеліктерін сипаттау;
• мектеп маңы экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу;
• мектеп маңы экожүйелеріндегі ағза түрлерінің сандық мөлшері және кездесу жиілігінің әртүрлі болу себептерін түсіндіру.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар «Мектеп үлескесі экожүйе бола ала ма?» сұрағын талқылайды.
Қауіпсіздік ережелерімен танысып, мектеп үлескесін зерттеу жоспарын құрады. Мәтінмен танысып, өз жоспарларын толықтырады.

2. Топтық жұмыс. Оқушылар 5 топқа бөлініп, мектеп(учаскесі) үлескесіндегі экожүйені зерттейді, жұмыс парағын толтырады.
1- топ: көлеңке жер
2- топ: ашық алаң
3- топ: ағаш көлеңкесі
4- топ: жол бойы
5- топ: спорт алаңы маңы
Әр топқа жеке үлескелердегі тірі ағзалардың түрлерін анықтап, санын табады. Мәліметтерді кестеге жазып, әр үлеске мәліметтерін салыстырады.
Тірі ағза Саны
1 - үлеске 2- үлеске 3- үлеске 4-үлеске 5- үлеске

Әр үлескенің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Дескрипторлар
Оқушы
Жұмыс нәтижесі бойынша ақпарат жинақтайды;
Жинақталған ақпаратты ұсынады
Ақпарат нәтижесін талдайды;
Жұмыс бойынша қорытынды жасайды;
Жұмыстың кемшілікітерін анықтайды;
Жақсарту жолдарын ұсынады.
3. Сабақты бекіту. Жұмыс парағындағы ақпараттарды талдау. Үлескелердегі ағза түрлерінің сандық мөлшері және кездесу жиілігінің әртүрлі болу себептерін түсіндіреді. ........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру