№2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы» 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

 №2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы» 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақтың тақырыбы: №2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы» 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.11 -белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сапалық талдау бойынша негізгі дағдыларын қалыптастыру: сапалық реактивті тандау, сапалық белгіні бақылау, катиондар мен аниондарды сапалық реакциялар арқылы анықтау, реакция тендеулерін молекулалық және иондық түрде жазу.

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тапсырма №1 (W) (f)
Білімді жаңғырту.
Шағын тақталармен жұмыс (оқушылар алдарына берілген шағын тақталарға сұрақтың жауабын жазып көрсетеді және дұрыс жауаптары көрсетілген соң өзін-өзі бағалайды)
1.Мыс (ІІ) катионына сапалық реактив:
2.Хлор анионына сапалық реактив:
3. Вr- және J- аниондарына сапалық реактив:
4. Темір (ІІІ) катионына тән сапалық реактив:
5. Магний катионына тән сапалық реактив:

Сабақтың тақырыбын анықтау, сабақ мақсатымен таныстыру
Практикалық жұмыстың тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру, талқылау.

Тапсырма №2 (Р) (f)
№2 практикалық жұмыс
«Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы»
Оқу мақсаты -белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру ;
Дағдылар Бағалау критерийі
Қолдану. Критикалық ойлау және зерттеу Практикалық жұмыстың болжамын және қорытындысын дұрыс құрастырады
Теориялық матрицаны толық, дұрыс құра біледі
Практикалық матрицаны дұрыс құра біледі
№1-2 сынауықтағы ерітіндіні анықтай алады
№3-4 сынауықтағы ертіндіні анықтай алады
Химиялық реакция теңдеулерін молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеу түрінде жазады
Практикалық жұмыстың тапсырмасы:
Нөмірленген төрт сынауықта төмендегі заттардың сулы ертінділері берілген: тұз қышқылы, калий сульфаты, натрий карбонаты, барий хлориді.
• эксперименттің тиімді жоспарын құрастырыңыз;
• берілген заттарды ғана пайдаланып, әр сынауықтың сапалық құрамын анықтаңыз;
• бақыланған құбылыстарды сипаттап, өз қорытындыңызды жазыңыз;
• әр реакцияның сәйкес молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңыз.

Болжам:.........................................................................................................
.........................................................................................................................

Жоспар:
Теориялық матрица

Жұмыс барысы:
Практикалық матрица

Жүзеге асырылған сынақтар нәтижелері
Реакция теңдеулерін молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық түрінде жазыңыздар.
.........................................................................................................................
........................................................................................................................
Зат ерітінділерін идентификациялау
№ Заттардың аталуы Химиялық формуласы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру