Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 9-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 9-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 9-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.1.1 композицияны тұтастан-бөлшекке, бөлшектен-тұтасқа қарай талдау;
Сабақ мақсаты: әңгіме композициясын талдау, жеке бөлім-бөлшектерін ажыратып әрі бөлшекті бүтінмен ұштастыра қарастыру.
Сабақ барысы:
Сынып оқушылары 6 адамнан тұратын топтарға бірігеді.
1.Өтілген тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру үшін оқушылар «журналистік сұрақтарға» жауап іздейді.
Кім? Не? Қайда? Қашан? Қалай? Неліктен?
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Т. «Блумның кубигі» әдісі бойынша тапсырмалар беру.
1-айналым:
АТА Әңгіме кейіпкерінің өзін жайлы сезінетін орнын ата.
ТҮСІНДІР Әңгіме атауының мағынасын түсіндір.
ОЙЛАН «Елдің көзі-ақ... Жұрттың сөзі...»
НЕЛІКТЕН? Неліктен жазушы Ләйлә қызды Аймен ғана сырластырады?
НЕГЕ? Әңгіме неге экологиялық тақырыпқа арналған?
ҰСЫН Әңгімені басқаша қалай атар едің?
2-айналым:
АТА Шығармадағы екі тіршілік иесін ата.
ТҮСІНДІР Қатираның Ләйләға деген қарым-қатынасын түсіндір.
ОЙЛАН Ләйләға хат жазуды ойлан және жаз.
НЕЛІКТЕН? Неліктен Құмар қыздың мәңгілік құрысып қатып қалған бала бейнесіне мән бермеді, көрмегенсіді, білмегенсіді?
НЕГЕ? Ләйләнің жылап отырғанын көрген бірде-бір жан: «Әй, мынаған не болды, тиіскен кім?» - деп сұрамайды да. Неге?
ҰСЫН Ләйлә бейнесіне лайықты афоризм ұсын.
4. Топ жауаптарын тыңдау, өзара бағалау.
5. Оқушылар «Әңгімедегі Ләйлә тағдырына жауапты кім?» деген сұраққа бірлесіп жауап береді.
Қабілеті жоғары оқушылар жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап іздесе, қабілеті төмендеу оқушылар «ата, түсіндір» деңгейіндегі сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор
- әңгіме мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап іздейді;
- тапсырманың мәнін түсініп, өз пікірін дәлелді жеткізеді.
6. Мұғалімнің кері байланысы: «Екі жұлдыз, бір тілек». .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру