Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 7-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• кейіпкерге қатысты тура және жанама мінездеулерді жіктейді.
Сабақ барысы:
1. Жаттығу-тренинг
2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Өткен тақырып пен жаңа сабақтың байланысы.
ЖЖ. Оқушылар «Білу қажет» кестесімен жұмыс жасайды.
Бізге не белгілі? Біз не білеміз? Бізге нені білу қажет? Біз мұны қалай анықтай аламыз?
Бірнеше жұптың жауабы тыңдалып, тақырыпқа қатысты ой қозғалады.
4. Жаңа тақырыпты меңгерту.
1-тапсырма.
Т. «Пирамидалық талқылау» әдісі арқылы кейіпкер табиғатын ашады.
1.Негізгі кейіпкер, тақырып. 1 сөз немесе сөз тіркесі
[Ләйлә немесе Мәңгілік бала бейне]
2.Тақырыпты ашу (жасы, мінезі, сырт тұлғасы, тура/жанама мінездеулер)
[он алтыдағы бойжеткен қыз, сезімі бүтін, ақылы дұрыс, бірақ жұдырықтай жүрегі кек пен қасіретке толы]
3.Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар орын алған жер)
[Қарауыл, Абай ата туған жер]
4.Мәселе тарихы (шапқыншылық, соғыс, басып алу, тәуелділік, кездейсоқтық)
[адам қолымен жасалған жауыздық, туған жердің сынақ алаңына айналуы]
5.Бірінші оқиға ( көтерілген мәселелер)
[сегіз жасар мәңгілік бала бейнеде, өспей қатып қалған Ләйләнің мүгедектігі]
6.Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? қоршаған орта ықпалы)
[«Елдің көзі-ақ... Жұрттың сөзі...»]
7.Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы)
[қаралы жиынға Ләйләні көтеріп шықпақ болған көрші аудан азаматтарының әрекеті т.т. ]
8.Шешімі. 1 сөз не сөз тіркесі
[Жақсылықты аңсайтын Ләйлә]
5. Бағалау: топтар бір-бірінің жауаптарын критерийлерге сай өзара бағалайды.
6. 2-тапсырма.
Ж. Оқушылар Ләйлә-қыздың ойын өз сөзімен жалғастырып жазады. (30-40 сөз).
«Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес, адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін»...
Олар жазғандарын шеңбер бойымен жылжытып оқиды, бір-бірінің жазбасына ауызша комментарий жасайды.
Қабілеті жоғары оқушылар «Пирамидалық талқылау» қадамдарына сай дәлелдерді мәтіннен толық тауып ұсынады, қабілеті төмендеу оқушылар кейіпкер туралы үзінділерді анықтап, оқиды.
Дескриптор
- мәтінді шолып оқиды;
- пирамидалық талқылау жасайды;
- тура/жанама мінездеулерді табады;
- кейіпкерге қатысты үзіндіні жалғастырып жазады.
7. Мұғалім «Серпілген сауал» арқылы кері байланыс береді.
- ... (оқушының аты) жауабы туралы не ойлайсың?
- ... (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?
- ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру