«Жусан иісі» хикаятындағы көркем ауыстырулардың қолданылуы (6 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: «Жусан иісі» хикаятындағы көркем ауыстырулардың қолданылуы
Оқу бағдарламасына сілтеме: А/И3.Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтаймын.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Үзіндіні өз ойыммен жалғастырамын.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көркем ауыстыруларды орынды қолана аламын.
Сабақ барысы:
Топқа бөлу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Өткен сабақты еске түсіру: «Сен – маған, мен – саған» әдісі.
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, бір-біріне «Жусан иісі» хикаятының өзіне ұнаған тұсын айтады.
«Кім көп біледі?» ойыны
Балалар, шығармадан алынған мына эпитеттердің қай тұстан екенін тауып, сол жерін әңгімелеп беріңіздер. Кім көп тапса, сол жеңімпаз болады.
жарғақ сары тон, қара бала, шолақ жең, қоңыр тау, көк мұз, қу соғыс, қаралы қағаз, тастай қараңғы, қара жол, асқар тау...
Топтық жұмыс
Берілген үзінділерден көркем ауыстыруларды табыңыздар.
1-топ
Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді. Өмірімізде қос ауыз мылтықтан өзге ештеңені көрмесек те жарқ-жұрқ еткен көк семсер тұрғанда зеңбірек, пулемет дегендер айтар сөзге, көңілге олқы түсіп, ойыншық сияқты боп қалатын. Өйткені Аянның ертегілеріндегі батырлар сілтеген көк семсерге қызығып иланатынымыз сонша, оны қару біткеннің құдайы көретінбіз.
2-топ
- Сырғанақ деген немене, тек киім тоздырып, шаршау, - деп менсінбегендей ернін шүйіріп қоятын. Ондай кезде оған «ағатай, мә, сырғанашы», - деп шанаңды кесе-көлденең тосып жалынсаң, пысқырып қарамайтындай көрінетін. Сонан кейін-ақ ойынның сәні кетуші еді. «Шынында да, ей, менің шарығымнан су өтіп кетті, жүріңдер, ат қораның төбесіне барайық», - десіп сетіней бастайтынбыз. Біздің бұл түрімізді көріп Аян сырғанақты онан әрмен жамандайтын. Онан біздің шаналарымызға қарап қойып:
- Мыналар шана ма?! - дейтін мұрнын тыжырайтып. - Шіркін, өзінің рулі бар, алдында шамы бар ылдиға да, өрге де бірдей сырғанайтын шана болса.
- Ой, қойшы, ондай шана болушы ма еді?
- Болғанда қандай. Қобыланды батырдың Тайбурылындай ұшатын аттар бар ма? Бар. Ендеше ылди-өрге бірдей сырғанайтын рульді шана да бар…
3-топ
- Жүр, ойнайсың ба! - деп дауыстай сөйледі.
- Қойшы, түн жарымында есі дұрыс адам ойнай ма?
- Ойнағанда қандай. Түу, сен өзі мынадай айлы, жарық түнде шанамен сырғанаудың қандай керемет екенін білмейді екенсің ғой. Айлы түнде шанаға сиқырлы қанат бітеді… - деді де Аян жүгіре жөнелді. Сәлден кейін көшенің басына шығып ап тағы да жер көшкендей ғып бүкіл ауылды жаңғырықтыра гүрілдетіп шанамен төмен қарай жұлдыздай ақты. Дәл мен тұрған тұста кішкентай төмпешік бар болатын, зулап келген шана әлгі төмпешікке жеткенде есік пен төрдей жерге бір-ақ ырғыды да, табанынан от жарқ етіп өте шықты. Аян қолын көтеріп:
- Ур-ра! - деп айқайлады.
Маған шынында да ол теуіп жүрген шанаға сиқырлы қанат біткендей көрінді. Жүгіріп үйге келдім де қараңғы ауыз бөлмеден бос тұрған шелек, легенді даңғыр-дұңғыр еткізіп шанамды іздей бастадым.
4-топ
«…- Біраз жер жүргеннен кейін жетім баланың қотыр тайына тіл бітіпті, - дейді Аян. - Қотыр тай тұрып оған: «Мынау алда тұрған асқар таудан күндіз құс ұшып өте алмайды, қанаты күнге күйіп қалады. Тек түнде ғана ұшып өтеді. Сондықтан да біз түнді күтуіміз керек. Түнде маған да қанат бітеді. Сен тек жығылып қалмай, көзіңді тарс жұмып, менің жалымнан мықтап ұстап отыр. Мен: «көзіңді аш!» дегенде бір-ақ аш. Сонда, мына асқар таудың арғы жағында, мұнан гөрі аласа, шошайған қоңыр тау тұрады. Ол жалғыз көзді дәудің мекені», - дейді. Жетім бала қотыр тайдың айтқанын түгел орындайды. Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар таудан ұшып өтеді… Бір кезде қотыр тай: «Енді көзіңді аш!» - дегенде, жетім бала көзін ашса, дәл алдында ақырын теңселе қозғалып шошайған қоңыр тау тұр екен…»
Бағалау критерийлері:
- үзіндідегі көркем ауыстыруларды табады;
- түрлерін дұрыс ажыратады.
Жеке жұмыс. Дифференциациялық тапсырма.
1-тапсырма. Үзіндідегі көркем ауыстыруларды атап, қолданылу себебін түсіндіріңіз.
- Қарағым, жолың болсын, - деді жыламсырап. - Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі…
(тұяқ – синекдоха)
Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таянған.
(кейіптеу)
2-тапсырма. Үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырып, ертегі құраңыз. Көркем ауыстыруларды көбірек қолданыңыз.
- Ертеде бір жетім бала бопты...
Бағалау критерийлері:
- үзіндідегі көркем ауыстырулардың қолданылу себебін түсіндіреді;
- үзіндіні өз ойымен жалғастырады;
- көркем ауыстыруларды қолданады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары «Жусан иісі» хикаятындағы көркем ауыстырулардың қолданылуы 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, «Жусан иісі» хикаятындағы көркем ауыстырулардың қолданылуы