Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 4-сабақ
Сабақ мақсаты: А/И3.Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Әр топтың ортасына бірнеше кеспе қағаз тасталады. Топқа берілетін тапсырма метафора, метонимия, кейіптеу сияқты терминдерді сәйкестендіру тапсырмасы беріледі немесе мұғалім метафора, метанимия, кейіптеу мысалдарын беру арқылы сәйкестендіруге болады.
метафора бір-бірімен өзара, іштен байланысты екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін ауыстырып қойып жұмсау
метанимия Бір затты екінші затқа ұқсату арқылы сөз мағынасының ауысуы
кейіптеу әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Берілген үзінділердің қандай көркем ауыстыру екенін анықта.
• ....Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын да
білеміз, – деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді.
• ...Төңірек тегіс үрейге толатын. Құз жақтан соққан суық желдің ызыңы
неше түрлі боп құбылып естілетін.
2- тапсырма
Кестені толтыр.
Хикаяттан үзінді арқылы дәлелдеу, мысал келтіру
Метафора
Метонимия
Кейіптеу
Оқушылар кестені жұбымен бірге толтырады. Бірге жұмыс істейді. Жұмыстарын тексеру үшін басқа жұппен ауысып, бір-бірін бағалайды.
3- тапсырма
Үзіндіні оқы. Көркем ауыстыруларды пайдалана отырып жалғастырып жаз.
«...– Біраз жер жүргеннен кейін жетім баланың қотыр тайына тіл
бітіпті, – дейді Аян. – Қотыр тай тұрып оған: «Мынау алда тұрған асқар таудан күндіз құс ұшып өте алмайды, қанаты күнге күйіп қалады. Тек түнде ғана ұшып өтеді. Сондықтан да біз түнді күтуіміз керек. Түнде маған да қанат бітеді. Сен тек жығылып қалмай, көзіңді тарс жұмып, менің жалымнан мықтап ұстап отыр. Мен: «көзіңді аш!» дегенде бір-ақ аш. Сонда, мына асқар таудың арғы жағында, мұнан гөрі аласа, шошайған қоңыр тау тұрады. Ол жалғыз көзді дәудің мекені», – дейді. Жетім бала қотыр тайдың айтқанын түгел орындайды. Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар таудан
ұшып өтеді... Бір кезде қотыр тай: «Енді көзіңді аш!» – дегенде, жетім бала көзін ашса, дәл алдында ақырын теңселе қозғалып шошайған қоңыр тау тұр екен...»
________________
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Саралау тапсырмасы
Қолдауды қажет ететін оқушылар
Хикаяттың «Жусан иісі» хикаятының осылай аталу себебі неде? Үйдегі үлкендерден сұра, сыныптастар пікірін біл. Барлық пікірлерді салыстырып келіп, хикаяттың басқаша емес, тура осылай аталуы себебіне үш аргумент келтір.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 4-сабақ 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 4-сабақ