Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес) (3 сынып, II тоқсан )

 Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес) (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Орта мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: Көне өркениеттер туралы баяндамалар жазу (хронологиялық емес)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 3.4.2.1 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз (түрлері қарастырылмайды) мүшелерін ажырату
3.4.2.2 мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату
Сабақ мақсаты: Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқу­
шыларға Ұлы Жібек жолы жайында мағлұмат беру. Лексикалық тақырып аясында тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер мен жалаң, жайылма сөйлемдерді меңгерту.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Мақсаты:Оқушылардың көңіл күйін анықтап, психологиялық ахуалды реттеу.
(Т,Қ)Үй жұмысын тексеру арқылы оқушыларды топқа бөлу
Мақсаты:Өткенді қайталап, Отырар қаласы жайлы білімдерін тексеру.
Тапсырма:Сөздерді оқыңдар.Дұрыс сөйлем шығатындай етіп, орындарыңды тауып тұрыңдар.
Оқушыларға Отырар қаласы жайлы 5 сөйлемнің сөздері жазылған қима қағаздары беріледі.Оқушылар қима қағазда жазылған сөзді оқиды, дұрыс сөйлем құрастырып, тұрады.Әр топ өз сөйлемін оқиды. Қалған топтар сөйлемнің дұрыс құрылуын тексереді.Қосымша сұрақтар қояды, жауап береді.
Мысалы:
1.Отырар қаласы Қазақстанның көне қалаларының бірі.
2.Қасиетті Отырар қаласында Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген.
3.Отырар қаласының алғашқы атауы Фараб болған.
(Ұ,Ө)Тыңдалым.Есте сақтау диктанты.
Мақсаты:Өткенді қайталап, сабақтың тақырыбын ашу.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тапсырма:Сөздерді мұқият тыңдап, есте сақтаңдар.Айтылған сөздерді жазыңдар.
Сөздер: Түркістан, Тараз, Отырар, Сайрам, Сауран, Сарайшық.
Диктанттан кейінгі жұмыс:
Сөздер тақтаға шығарылады. Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бір-бірін дескрипторлар арқылы тексереді. Санын тексеру, қала атауларының жазылуын тексеру және бағалау.
Дескрипторлар Балл Балл
1- сөзді дұрыс жазды/ Түркістан 1
2- сөзді дұрыс жазды / Тараз 1
3-сөзді дұрыс жазды / Отырар 1
4-сөзді дұрыс жазды / Сайрам 1
5-сөзді дұрыс жазды / Сауран 1
6-сөзді дұрыс жазды / Сарайшық 1
Максималды балл 6
-Балалар, бұл қалалардың барлығын байланыстыратын бір ортақ белгісі бар. Оны тапсаңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.Ол не?
/Ұлы Жібек жолында орналасқаны/
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.
Бағалау критерийлері анықталады.
-Сабақ тақырыбы мен мақсатқа назар аударып, бүгінгі сабақта неге қол жеткіземіз, не үйреніп, не білеміз деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптарын тақтаға бағалау критерийлер ретінде жазу.
-Балалар, осы аталған критерийлерге сабақтың соңында ораламыз.
(МК, Т)Тыңдалымалды тапсырмасы
«Суреттер сыр шертеді» стратегиясы
Мақсаты:Сурет бойынша Ұлы Жібек жолы туралы мағлұмат жинақтау арқылы оқушылардың алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Әр топқа суреттер ұсынылады.Оқушылар топта отырып, білімдеріне сүйеніп, Ұлы Жібек жолы жайлы түсініктерін 1-2 сөйлеммен айтады.
(Ө,Ұ)Тыңдалым мәтіні
Мақсаты:Мәтінді тыңдау арқылы Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат жинақтау.
Тыңдалым мәтіні 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлімді тыңдап болған соң оқушылар төменде берілген «Дұрыс/бұрыс» кестесін толтырады.Кестені толтыруға 2 минут уақыт беріледі.
(Ө,Ж)Тыңдалым тапсырмасы «Дұрыс/бұрыс» әдісі
Мақсаты:Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма:Мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың қайсысы дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.
Тыңдалым аяқталып, оқушылар тапсырманы орындап болған соң, кестелерін топта отырып шеңбер бойымен жібереді. Бір-бірінің кестелерін тақтаға шығарылған нұсқамен тексереді және бір-бірін бағалайды.Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріп, максималды балл санын санайды да кестенің төменгі жағына жазады........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру