7-сабақ Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері (3 сынып, II тоқсан )

 7-сабақ Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 7-сабақ. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- үлгі негізінде сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- сөйлем мүшелерін ажыратып, сызба негізінде сөйлемдерді құрастырады;
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдерді құрастырады
- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды,түрлі жағдаяттарда жүйелі,сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
«Дұрыс-бұрыс» ойыны
Жазылатын пікірлер «иә», «жоқ», «білмеймін»
Сағат – уақыттың өлшем бірлігі
Минут – уақыттың ең үлкен өлшем бірлігі
Минут сөзін қысқартып жазуға болмайды
Бір минутта үлкен кітапты оқуға болады
Венн диаграмманы толтыру
Оқушылар бастауыш пен баяндауыштың өзара айырмашылығымен ортақ қасиеттерін жазады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
3.4.2.7 (М,К)
Сөйлемдерді оқы. Олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар?
Жаңбыр жауды. Бүгін нөсер жаңбыр жауды.
- Бұл сөйлемдерде жаңбыр туралы, оның жауғаны туралы айтылып тұр. Екі сөйлем де жаңбыр туралы айтылып, оның жауғанын хабарлайды.
Жаңбыр жауды. Бұл сөйлем екі тұрлаулы мүшеден тұрады. Ол бастауыш пен баяндауыш. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.
Ереже.
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.
3.3.6.1 Сөйлемдерді оқып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді екі бағанға бөліп жаз.
Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықпен сыз.
Үлгі: Біз ұшаққа міндік.
Тұрлаулы Тұрлаусыз
Біз міндік ұшаққа
Айзат қаламмен жазды. Көк гүл өсті. Біз жаңа мектепте оқимыз. Мен бірінші партада отырамын.
Сергіту сәті
Кел, балақан, балақан,
Шапалақта алақан.
Жай, жай, жай,
Шапалақта алақан,
Шапалақта алақан.
Қозғап барлық денеңді,
Қолды қатты соқ енді.
Сарт, сарт, сарт,
Қолды қатты соқ енді,
Қолды қатты соқ енді.
3.4.2.7 (Ө, Ж) Мәтінге ат қой. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен белгіленген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда. Екінші сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтап, түсіндіреді.
Сабыр жылы киінді. Ол шаңғысын сыртқа алып шықты. Күн ашық. Аздап аязды жел соғады. Мұзды алаңда бір топ бала коньки теуіп жүр.
Сабыр жолдың жағалауымен сырғанай жөнелді. Лезде жазық далаға шықты. Осындай қарлы далаға шаңғы тепкен қандай қызық!
3.1.3.1 (Т, Ж, Ұ) Сурет бойынша әңгіме құрау, диалогке қатысу, болжау жасау.
Сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаны болжату мақсатында «Суретті әңгімеле» стратегиясы қолданылады.
Оқушылардың назары сюжетті суреттерге аударылады. Суреттер әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суреттерде бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжанады.
Суреттерге қарап не айтуға болатынын топта талқылап, әңгімелейді. Әр топқа бір суреттен беріледі.
(Ө,Ж) Жұмыстарын топта жариялау. Әңгіме құрайды. Құраған әңгімесін жұбына баяндайды.
(Ө, Ұ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі дегеніміз не?
- Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі дегеніміз не?
- Қалай ойлайсындар сөйлемде тұрлаусыз мүшелер қандай қызмет атқарады?
- Егер сөйлемде тек тұрлаулы мүшелерді қолдансақ қалай болар еді?
3.3.6.1 (Ө,Ж) Өздік диктант.
Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазады. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.
Данияр (үйірме) барды. Ол (үйірме) шахмат ойнады. (Үйріме) көп балалар қатысады. Кешке жақын (үй) қайтты.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.
(Т) Берілген тақырып бойынша іздену жұмысын ұйымдастырылады.
«Коллаж әңгіме» стратегиясы топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар береді. Олар журналдардан ұсынылған тақырыпқа сәйкес суреттерді қиып алып флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. «Уақытыңды бағала» тақырыбы бойынша постер құрастырады.
Топтар бірін-бірі бағалайды.
- сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;
- сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау;
- жұмысқа топтың барлық мүшелерінің белсенді қатысуы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру