Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу (1 сынып,3 бөлім )

 Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Тақырып: Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: Т/А3 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен)
Ж4 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады.
Ж9 Сөздерді, сөз тіркестерін,қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып ұқыпты жазады/тереді.
Ж1 Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
өз отбасы туралы әңгімелеп береді;
Көпшілігі:
отбасы мүшелерін, олардың есімдерін жазады;
Кейбір оқушылар:
тақырып бойынша сөйлемдер жазып, мәтін құрастырады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер. (Ұ) Оқушылар әуен ырғағымен шеңберге жиналады. Шеңбер бойында отырып «Менің отбасым» тақырыбында біріне бірі сұрақтар қояды.
Мысалы:
- Сенің отбасыңда қанша адам бар?
- Сенің анаңның аты кім?
- Сенің інің неше жаста?
Жазылым. (Қ) Оқушылар отбасы ағашын жасайды. Ағашқа өз отбасы мүшелерін жазады. Мысалы, әкем-Асқар, анам-Самал, інім-Қуат, мен-Жасмин.
Айтылым. (Ұ) Оқушылар шағын топтарда «Отбасы ағашын» қорғайды.
Мысалы, Бұл менің отбасым. Менің отбасымда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, әпкем және мен. Біз тату-тәтті тұрамыз.
(Т) Дифференциация. Оқушылар топқа бөлінеді.
1 топ отбасы мүшелерін фотосуреттер арқылы таныстырады;
2 топ отбасы туралы қысқа сөйлемдермен мәтін құрастырады.
3 топ кеспе әріптерден сөздер құрастырып, жазады.
(ОТ) Слайд арқылы отбасы суреті көрсетіледі. Оқушылар суреттегі отбасы мүшелерін атап шығады;
Отбасында қанша адам бар екенін санайды;
(Ж) Тіл дамыту. Санамақ арқылы тақпақ жаттайды.
Бас бармағым - атам,
Атам - үйдің данасы.
Балаң үйрек-әжем,
Әжем - үйдің анасы.
Ортаңғы терек - әкем,
Әкем - үйдің панасы.
Шылдыр шүмек - анам,
Анам - үйдің ажары.
Кішкене бөбек – мен,
Мен – бәрінің базары.
(Ж) Ойын «Бармақтар отбасы» Ойын алаңына екі оқушы шығады. Саусақтарына өздеріне қажетті отбасы мүшелерінің қолғаптарын киеді. Екеуі өз отбасылары туралы әңгімелейді. Қалған балаларға олардың отбасы мүшелерін салыстыру ұсынылады. Мысалы, Радмирдің отбасында 4 адам бар. Ал Томиристің отбасында 5 адам бар. Кімнің отбасы үлкен? 4 < 5
Оқушылар қима суреттерден отбасы мүшелерін құрастырады. Суретте кім пайда болғанын жазып, сөйлейтін қабырға ұйымдастырады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру