Маған көмектесетін адамдар (1 сынып, 3 бөлім )

 Маған көмектесетін адамдар (1 сынып, 3 бөлім )

САБАҚ: Қазақ тілі
Бөлім: Менің жанұям мен достарым
ТАҚЫРЫБЫ: Маған көмектесетін адамдар
ОҚУ МАҚСАТЫ:Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
А4 Анық әрі таза сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Т6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсінеді.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар жасай алады:
• хормен қайталайды;
• жаңа сөздердің айтылуы мен мағынасын түсіне алады;
• мамандықтардың атауларын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• мамандық иелерінің атқаратын жұмыс түрлері туралы айта алады;
• жаңа сөздерді қолданып, суреттер мен сөздерді сәйкестендіре алады. дыбыстық жаттығуларды сауатты орындай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• жаңа сөздерді рөлдік ойындарда қолдана алады;
• бірнеше сөйлемнен тұратын мәтін құрай алады
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Амандасқаннан кейін бір-біріне жақсы тілектер айтады. Мысалы: Сенің көзің әдемі. Сен мейірімдісің.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Ой қозғау. Жұмбақ жасыру.
1. Алып жатқан жан-жақты,
Үйлерді кім тұрғызды? (құрылысшы)
2. Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам (милиционер)
3. Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалаңдайтын.(шаштараз)
«Кімнің заты?» Мамандық иелеріне қатысты заттарды көрсету. Оқушылар кімнің заты екенін анықтап, не үшін қажет екенін айтады. Мысалы, қайшы, бас киім, таразы және т.б.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру