Фариза Оңғарсынова (Қызбел)
Табиғат, құпия әлі сырың жұртқа,
сұлулық сыйла әніме мұңымды ұқ та.
Келемін бас июмен талантыңа
ғашық боп ғұмыр бойы сұлулыққа.
Көміліп сен де талай мұнар-мұңға,
өлтірмей өнеріңді шыға алдың ба,
өмірлік өткелдерде сыналдың ба —
білмеймін,
Білетінім — бір ғажабың
көз тартып Қызбел тауы тұр алдымда.
Сағымға оранғанда, дала нұрлы,
керілген кеңдігі мен адамы үлгі.
Сұлулық сирек кезде
Қызбел тауы
талдырып бара жатыр жанарымды.
Қызықтап кезіп келем түзді ерінбей,
дөп басып бабалардың іздерін кей.
Даланың кеудесінде тау жотасы
шынында қынай буған қыз беліндей.
Басынан Қызбел таудың мұнар ұшып,
мөлтілдеп көк тасында тұнады шық.
Біресе жүдеу, жалғыз көрінеді —
Жанына енер ме едім сыр алысып...
Құздар жоқ жіберетін тіреп, демеп,
әлде ойда, әлде назбен тұр өкпелеп.
Аялап сұлулықты сезуге де
кез керек, сосын жота жүрек керек.
сұлулық сыйла әніме мұңымды ұқ та.
Келемін бас июмен талантыңа
ғашық боп ғұмыр бойы сұлулыққа.
Көміліп сен де талай мұнар-мұңға,
өлтірмей өнеріңді шыға алдың ба,
өмірлік өткелдерде сыналдың ба —
білмеймін,
Білетінім — бір ғажабың
көз тартып Қызбел тауы тұр алдымда.
Сағымға оранғанда, дала нұрлы,
керілген кеңдігі мен адамы үлгі.
Сұлулық сирек кезде
Қызбел тауы
талдырып бара жатыр жанарымды.
Қызықтап кезіп келем түзді ерінбей,
дөп басып бабалардың іздерін кей.
Даланың кеудесінде тау жотасы
шынында қынай буған қыз беліндей.
Басынан Қызбел таудың мұнар ұшып,
мөлтілдеп көк тасында тұнады шық.
Біресе жүдеу, жалғыз көрінеді —
Жанына енер ме едім сыр алысып...
Құздар жоқ жіберетін тіреп, демеп,
әлде ойда, әлде назбен тұр өкпелеп.
Аялап сұлулықты сезуге де
кез керек, сосын жота жүрек керек.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Қызбел өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Қызбел