Фариза Оңғарсынова (Мен сонда жылап қалғам)

 Фариза Оңғарсынова (Мен сонда жылап қалғам)

Мен сонда жылап қалғам.
Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман.
Мұның бәрі неліктен? Білесің сен -
өзіңді ұнатқаннан;
сосын, сосын жүргеннен ұмыта алмай
алып-ұшып жеткенде жырақтардан
кездеріңді алдымда құлап-талған;
өліп-өшіп өртенген кезеңдерің,
сосын... түк болмағандай безергенің -
осыларға түсінбей мұң ақтарғам,
басым қатып шешілмес сұрақтардан.
Сезіміңнің мұншалық жалғандығы,
сен үшін бір сәт екен арман құны.
.. .Мен сонда жылап қалғам
өзіңді жек көргеннен және де... ұнатқаннан.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Гүлзат Аманкожоева
    0 + 0 -
    Кайтадан китепбарактарын барактадым эсиметүсөт акуулар уктагандапоеманы окугаокуган да жараланған акуунуайяп турдум тагдырмен ажалкармасканда
  2. Зилола Закиряева
    0 + 0 -
    Мен сонда жылап қалғанмын, сені қайта көріп, қуаныш пен қайғының ортасында, сенің тас жүрегіңе таңңалып,көдеріңе қарап тұрып мен сол күні өліп қалғанмын...

Ілмектер: фариза оңғарсынова Мен сонда жылап қалғам өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Мен сонда жылап қалғам