Фариза Оңғарсынова (Қыз махаббаты)
Білмеймін,
Білмеймін, жанарыңнан сыр ұқтым ба,
Әлде сені сол сәтте ұмыттым ба.
Өзің болдың әйтеуір бұл күнгі әнім,
Көтеріп ап кетіп ең бұлқынбадым,
Аймалауыңа, аймалауыңа құнықтым ба?
Білмеймін,
Білмеймін, құшағыңда дір еттім бе,
Алып ұшып барады жүрек мүлде.
Ойлағым да келмеді ештеңені,
Ерте ме әлде білмедім кеште ме еді,
Тек ұққаным: жан бірге, тілек бірге
Сезімімнің,
Сезімімнің қақпасын дара қақтың,
Шуағыңды бойыма аралаттым.
Бақыт болып мәңгіге келіп бірге,
Ағыл-тегіл сезіммен еріттің де,
Өзің маған өзім боп бара жаттың
Білмеймін, жанарыңнан сыр ұқтым ба,
Әлде сені сол сәтте ұмыттым ба.
Өзің болдың әйтеуір бұл күнгі әнім,
Көтеріп ап кетіп ең бұлқынбадым,
Аймалауыңа, аймалауыңа құнықтым ба?
Білмеймін,
Білмеймін, құшағыңда дір еттім бе,
Алып ұшып барады жүрек мүлде.
Ойлағым да келмеді ештеңені,
Ерте ме әлде білмедім кеште ме еді,
Тек ұққаным: жан бірге, тілек бірге
Сезімімнің,
Сезімімнің қақпасын дара қақтың,
Шуағыңды бойыма аралаттым.
Бақыт болып мәңгіге келіп бірге,
Ағыл-тегіл сезіммен еріттің де,
Өзің маған өзім боп бара жаттың
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Қыз махаббаты өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Қыз махаббаты