Фариза Оңғарсынова (Лүпілдей соқты жас жүрек)

Лүпілдей соқты жас жүрек,
еркелеп назбен қарадым.
"Поезда-ақ хатты жазшы?!" - деп,
елжірей қалды жанарың.
Сезімтал жүрек, жас жаным -
бәрі де сен деп талпынды.
Білдірер аяқ басқаның
абыржып тұрған қалпыңды.
Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп,
теңіздей жүрек толқыды.
Ышқынды гудок жүр-жүрлеп,
мұңая қарап ол тұрды.
Сөйткенше қолдар бұлғанды,
мөлдіреп көздер соңғы рет.
Айтылмай талай сыр қалды,
қимастық сезім толды кеп...
еркелеп назбен қарадым.
"Поезда-ақ хатты жазшы?!" - деп,
елжірей қалды жанарың.
Сезімтал жүрек, жас жаным -
бәрі де сен деп талпынды.
Білдірер аяқ басқаның
абыржып тұрған қалпыңды.
Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп,
теңіздей жүрек толқыды.
Ышқынды гудок жүр-жүрлеп,
мұңая қарап ол тұрды.
Сөйткенше қолдар бұлғанды,
мөлдіреп көздер соңғы рет.
Айтылмай талай сыр қалды,
қимастық сезім толды кеп...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Лүпілдей соқты жас жүрек өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Лүпілдей соқты жас жүрек