Бауыржан Әліқожа (Жанарымдағы жыр)
Көңілдің көзіңде мұң,
Таппадым өзім де емін.
Сергелдең сезімдерім
Жамылды төзім кебін.
Емшісі өзің бе едің, Жанеркем?!
Мың батпан мұң арқалап,
Кептердей сыңар қанат.
Ұша алмай секеңдеймін,
Шық жасын іркіген гүл-
Дариға-ай, шіркін өмір!
Өзіңсіз бекер деймін, Шандозым.
Санамды жаншып іңір,
Үйірді-ау қамшыны бір.
Жүрегім, салшы дүбір.
Сені ойлап жанарымнан,
Үзілді тамшы-ғұмыр...
Еһ, кермиық қыз!
Таппадым өзім де емін.
Сергелдең сезімдерім
Жамылды төзім кебін.
Емшісі өзің бе едің, Жанеркем?!
Мың батпан мұң арқалап,
Кептердей сыңар қанат.
Ұша алмай секеңдеймін,
Шық жасын іркіген гүл-
Дариға-ай, шіркін өмір!
Өзіңсіз бекер деймін, Шандозым.
Санамды жаншып іңір,
Үйірді-ау қамшыны бір.
Жүрегім, салшы дүбір.
Сені ойлап жанарымнан,
Үзілді тамшы-ғұмыр...
Еһ, кермиық қыз!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бауыржан әліқожа Жанарымдағы жыр өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Жанарымдағы жыр